Мектебімізде "8 минуттық оқу" жобасы басталды.
Мектебімізде "8 минуттық оқу" жобасы басталды. Бүгін мектебімізде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған "8 минуттық оқу" жобасы алғаш рет ресми түрде бастау алды. Жоба аясында күн сайын сабақ басталар алдында 5 және 9 сыныптарда 8 минут бойы тыныш, шоғырланған күйде кітап оқу ұйымдастырылады. Игі бастаманың негізгі мақсаты - оқушылардың оқу дағдыларын дамыту, тіл байлығын арттыру, ойлау қабілетін терендету және кітаппен күнделікті қарым-қатынасты қалыптастыру. "8