«Кітап — білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы» атты READ- x оқырмандар конференциясы » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Кітап — білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы» атты READ- x оқырмандар конференциясы

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

31
октябрь
2025

«Кітап — білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы» атты READ- x оқырмандар конференциясы

«Кітап — білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы» атты READ- x   оқырмандар конференциясы

   31 қазан күні мектебімізде  «Кітап — білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы»  атты READ- x   оқырмандар конференциясы өтті.  
REАD- х негізгі мақсаты – оқыған көркем шығарманы қызықты, әсерлі әрі әзіл – қалжыңмен жеткізе білу. Бір есеппен дарындылығы мен шешендігін, шеберлігін байқатып ойын жүйелі жеткізу. READ-Х конференциясына 10 спикер қатысып, тыңдаушылармен өздерінің ішкі жан-дүниелеріне, көзқарастарына аса қатты әсер еткен шығармалары мен кітаптары жайында бөлісті. Б.Чалгабаева Дулат Исабековтің  « Қарғын», Г.Байтунова Булат Жандарбековтың «Сақтар», А.Нұрланқызы Дулат Исабековтің «Бекет», А.Ибрай  Санжар Керімбайдың Бейсен және Болмыс», М.Муратқазыева Бексұлтан Нұржекеевтің «Бір өкініш, бір үміт», А.Белгибаева Бауыржан Момышұлының «Музей апа», А.Сабырханова Шерхан Мұртазаның « Ай мен Айша», К.Каттебева Қабдеш Жұмаділовтің «Балалық шаққа саяхат», М.Даукенова Дулат Исабековтің «Сүйекші», Ж.Секей  Мұқағали Мақатаевтың  « Жылап қайттым өмірдің базарынан». 
Спикерлердің ортаға салған ойлары тыңдармандардың көңілінен шықты, көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше шабыт сыйлады.Шара соңында тыңдаушылар қатысушылармен өзара ақпарат бөлісіп, өздеріне болашаққа қажетті бағыт алды
[media=https://www.instagram.com/reel/DQear2qCLWC/?igsh=MXZvd2Vnenk1MjM5bA==]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее