01
декабрь
2025
Мектеп тәлімгері және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен оқушылардың тәртіп мәдениетін арттыруға бағытталған арнайы лездеме өтті.
Бүгін мектебімізде жоспарға сәйкес, мектеп тәлімгері және өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен оқушылардың тәртіп мәдениетін арттыруға бағытталған арнайы лездеме өтті. Шараға 1-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері қатысты.
🎯Лездеменің негізгі мақсаты – оқушылардың сабаққа кешігіп келуін азайту, сондай-ақ мектеп формасын сақтау талаптарын күшейту.
Мектеп тәлімгері жиын барысында сабаққа дер кезінде келудің маңызын атап өтіп, кешігудің оқу үдерісіне тигізетін кері әсерін түсіндірді, мектеп формасын дұрыс сақтауы – мектеп мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін жеткізді. Олар мектеп формасының бірыңғай болуы оқушыларды тәртіпке, жинақылыққа, өзіне және айналасына құрметпен қарауға үйрететінін атап өтті. Апта қорытындысы бойынша рейтинг шығарылып, “Үздік сынып жетекшісі” - 9В сынып жетекшісі Баян Ханатовна, “Үздік сынып” -4Б сыныбы, “Үздік кезекші сынып” -6В сыныбы марапатталды.
Шара соңында оқушылар алдағы аптаға жаңа
міндеттер қойып, үздік атанған сыныптарды құттықтады.
[media=https://www.instagram.com/p/DRt5H51CNC0/?igsh=MWRudzMzZWd3d2FuYg==]