2025–2026 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 2025–2026 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

11
декабрь
2025

2025–2026 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2025 жылдың 11 желтоқсан күні мектебімізде 2025–2026 оқу жылында аттестаттаудан өтетін педагогтерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры К. Шиянова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрығына сәйкес педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы толық ақпарат берді.
Сондай-ақ директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г. К. Сейтханова «Ұстаз» платформасының жұмыс тәртібімен және педагогтердің кәсіби жетістіктерін растайтын құжаттар тізімімен таныстырды. Атап айтқанда:
    •    №514 бұйрыққа сәйкес құжаттар;    •    Абай облысы бойынша пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының тізбесі;    •    «Дарын» орталығы бекіткен ресми олимпиада және байқау түрлері;    •    Педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату (авторлық бағдарлама) бойынша нұсқаулық талаптары;    •    Аттестаттау үшін жарамды курс түрлері және оларды қабылдау қағидалары.Шараға қатысқан педагогтер аттестаттау процесіне қатысты талаптар, құжаттарды рәсімдеу ережелері, сондай-ақ кәсіби портфолио құрастыруға қажетті маңызды мәліметтер алды

Похожие публикации:

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее