12
декабрь
2025
«Төрт ғылым – бір Отан» апталығы аясында Қазақстан тарихы пәні бойынша 9 «В» сыныбында зерттеу сабағы өтті
8–12 желтоқсан аралығында өткен «Төрт ғылым – бір Отан» апталығы аясында Қазақстан тарихы пәні бойынша 9 «В» сыныбында зерттеу сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы мен зерттеу сұрағы:
«Кеңестік білім беру саласындағы реформалар қандай мақсат көздеді?»
Сабақ барысында интерактивті тақта, презентация, бейнеролик, ЖИ технологиялары, АКТ құралдары, сондай-ақ ahaslides.com онлайн платформасы қолданылды. Ұйымдастыру кезеңінде оқу атмосферасын қалыптастыру
– «Бас бармақпен шыңға шық!» әдісі арқылы жүзеге асты: оқушылар білімге байланысты терминдерді атай отырып, бірлесіп шыңға «көтерілді». «Түрлі парақ» әдісі арқылы өткен тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру: әр топ парақ таңдап, астындағы сұрақтарға жауап берді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, «Information Gap» әдісі арқылы тапсырманы бірлесе орындады. Әр топтың екі өкілі өз жұмысын басқа топтарға түсіндіреді, ал қалғандары кері байланыс береді. Кері байланысты «Ватцап» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерін қысқаша хабарлама түрінде жеткізді. Рефлексия «Қуат көзі» әдісі: оқушылар үш түрлі түспен өз көңіл күйі мен сабақтан алған энергиясын білдіру арқылы жүзеге асты.
– «Топпен бағалау» әдісі ұсынылды.
Оқушылар кеңестік білім беру жүйесіндегі реформалардың негізгі бағыттарын анықтап, олардың қандай мақсаттарды көздегенін зерттеу тапсырмалары арқылы талдай алды. Топтық коммуникация тиімді ұйымдастырылып, оқушылар өзара пікір алмасу, дәлелдеу және салыстыру дағдыларын көрсетті. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқу процесін белсенді етті.
Интерактивті әдістер – «Information Gap», «Бас бармақпен шыңға шық!», «Түрлі парақ», тесттік онлайн тапсырмалар – оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді. Сабақ соңындағы рефлексия оқушылардың өз оқуын бағалауына және сабақтан алған әсерін нақты жеткізуіне жағдай жасады.
Пән мұғалімі: Ахметова Д.М
[media=https://www.instagram.com/reel/DSJ4nc3iGJl/?igsh=NWQxNThkMXhwczRk]