01
декабрь
2025
7–9 сынып оқушылары үшін «Цифрлық зорлық-зомбылық: өзіңді қалай қорғауға болады?» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық сынып сағаттары
«Гендерлік зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн» белсенді әрекетіне арналған халықаралық науқан жоспары аясында мектебімізде 7–9 сынып оқушылары үшін «Цифрлық зорлық-зомбылық: өзіңді қалай қорғауға болады?» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық сынып сағаттары ұйымдастырылды.
Мақсаты – жасөспірімдерге интернет кеңістігіндегі қауіптер туралы түсіндіру, кибербуллинг, онлайн бопсалау, жеке ақпаратты тарату, жалған аккаунт ашу сияқты цифрлық зорлық-зомбылықтың түрлерін таныстыру және олардан қорғанудың тиімді жолдарын үйрету.
Сынып сағаттары барысында оқушылар:
- цифрлық зорлық-зомбылықтың белгілерімен танысты;
- жеке деректерді қорғау, құпия сөздерді қауіпсіз сақтау, екі факторлы қорғауды қолдану туралы кеңестер алды;
- кибербуллинг жағдайында қандай әрекет жасау керектігін талқылады;
- әлеуметтік желілерде жауапкершілікпен әрекет ету мәдениеті жөнінде пікір алмасты.
Сынып жетекшілер оқушыларға қауіпсіз интернет ережелері жазылған жадынама ұсынып, цифрлық этикеттің маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында өзара сыйластық, құрмет және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудың маңызы атап өтілді.
Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, интернеттегі қауіп-қатерлерді дұрыс бағалап, өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Науқан аясындағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.