1–3 сынып оқушылары арасында «Спорт – бақытқа бастар жол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 1–3 сынып оқушылары арасында «Спорт – бақытқа бастар жол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

24
ноябрь
2025

1–3 сынып оқушылары арасында «Спорт – бақытқа бастар жол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жылдық жоспарына сәйкес 1–3 сынып оқушылары арасында «Спорт – бақытқа бастар жол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу, спортқа қызығушылығын арттыру, белсенді қозғалыстың денсаулық үшін маңызын түсіндіру және жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеу болды. Тәрбие сағаты барысында мұғалімдер спорттың адам денсаулығына тигізетін пайдасы, күнделікті жаттығудың рөлі, дұрыс тамақтану және дене қимылының баланың дамуындағы маңыздылығы туралы түсіндірді. Оқушылар өздерінің сүйікті спорт түрлері туралы әңгімелеп, белсенді түрде сұрақ-жауапқа қатысты. Бағдарламаға сәйкес осы күндері барлық бастауыш сыныптарда 10 минуттық қауіпсіздік сағаттары да өткізілді. Қауіпсіздік сағаттарының мақсаты – оқушыларға жолда жүру ережелері, мектептегі, үйдегі және ойын алаңдарындағы қауіпсіздік талаптары туралы түсінік беру, қауіпті жағдайдың алдын алу дағдыларын қалыптастыру болды. Мұғалімдер балаларға қарапайым, бірақ маңызды қауіпсіздік қағидаларын түсіндіріп, көрнекілік материаллар арқылы бекітті.
Өткізілген тәрбие сағаттары оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, спортқа деген қызығушылығын күшейтті. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.








Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее