«ҮЗДІК СЫНЫП» ЖОБАСЫ
«ҮЗДІК СЫНЫП» ЖОБАСЫ «Үздік сынып» жобасының ережесі: 1️.Бағалау комиссия мүшелері мектептегі «үздік сынып» қатысушыларының көрсеткіштерін бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. 2️.Бағалау нәтижелері ай сайын есептеледі. 3️.Ереже барлық сыныптарға (1-11 сыныптар) қолданылады және сынып жетекшілер мен оқушылардың орындауы міндетті. 4️.Бағалау әділдік, ашықтық және нақтылық принциптеріне негізделеді. Барлық сыныптар бірдей талаптармен бағаланады.