Республикалық жобалар » Страница 3 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Шабыт жобасы аясында мектебімізде күнделікті үйірмелер қарқынды түрде жұмыс жасауда.
28
ноябрь
2025
Шабыт жобасы аясында мектебімізде күнделікті үйірмелер қарқынды түрде
Шабыт жобасы аясында мектебімізде күнделікті үйірмелер қарқынды түрде жұмыс жасауда. 4 “Б” сыныбында дойбы үйірмесі өткізіліп, оқушылар логикалық ойлау мен шапшаң шешім қабылдау дағдыларын дамытып жүр. Ал 5–8 сыныптар арасында өтетін қолөнер үйірмесінде балалар шығармашылық қабілеттерін ашып, жаңа идеяларды іске асыруда. Үйірме жұмыстарына оқушылар белсенді қатысып, өз таланттарын дамытуға үлкен мүмкіндік алуда.
"Асық" мәдени оқырман клубының ұйымдастыруымен "Өзбекәлі және Мәдени майдан " кітабынан қалалық кітап сайысы өтті.
27
ноябрь
2025
"Асық" мәдени оқырман клубының ұйымдастыруымен "Өзбекәлі және Мәдени
27 қарашада қалалық Абай атындағы кітапханада "Асық" мәдени оқырман клубының ұйымдастыруымен "Өзбекәлі және Мәдени майдан " кітабынан қалалық кітап сайысы өтті. Сайысқа қала мектептерінен 124 оқушы қатысты. Мектебіміздің 10 сынып оқушылары Асенбаев Мұрат, Кикимова Найзана, Ақанова Іңкәр да сайысқа қатысып бақтарын сынады. І турдан өтіп оқушыларымыз сертификаттармен марапатталды. Сайыстан рухани азық алып оқушылар кітап оқуға қызығушылықтары артып жақсы көңіл күймен қайтты.
1–3 сынып оқушылары арасында «Спорт – бақытқа бастар жол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
24
ноябрь
2025
1–3 сынып оқушылары арасында «Спорт – бақытқа бастар жол» тақырыбында
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының жылдық жоспарына сәйкес 1–3 сынып оқушылары арасында «Спорт – бақытқа бастар жол» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды салауатты өмір салтына баулу, спортқа қызығушылығын арттыру, белсенді қозғалыстың денсаулық үшін маңызын түсіндіру және жауапкершілік пен тәртіпке тәрбиелеу болды. Тәрбие сағаты барысында мұғалімдер спорттың адам денсаулығына тигізетін пайдасы, күнделікті жаттығудың рөлі, дұрыс
«Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
24
ноябрь
2025
«Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тақырыбында тәрбие сағаттары
Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Әділдік және Жауапкершілік» айына арналған 4-апталық жоспарына сәйкес, Халықаралық энергия үнемдеу күніне орай, 4–8 сыныптар арасында «Энергияны үнемдеу – экологияны қорғау» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарының басты мақсаты – оқушыларға энергияны тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру, табиғи ресурстардың шектеулі екенін түсіндіру және экологиялық жауапкершіліктің маңызын ұғындыру болды.Тәрбие сағаты барысында
«Жасөспірім және заң: құқықты біл, жауапты бол!» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
24
ноябрь
2025
«Жасөспірім және заң: құқықты біл, жауапты бол!» тақырыбында тәрбие
Мектептегі тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі - оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу. Осы мақсатта 9-11 сынып оқушылары үшін «Жасөспірім және заң: құқықты біл, жауапты бол!» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты міндеті - жасөспірімдерге құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндіру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету, құқық бұзушылыктың алдын алу.
"Даналык мектебі" жобасының жоспары негізінде 2-сынып әкелеріне арналған "Әке - отбасы тірегі" атты мазмұнды тренинг өтті.
21
ноябрь
2025
"Даналык мектебі" жобасының жоспары негізінде 2-сынып әкелеріне
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, мектебімізде "Даналык мектебі" жобасының жоспары негізінде 2-сынып әкелеріне арналған "Әке - отбасы тірегі" атты мазмұнды тренинг өтті. Ic-шараның негізгі мақсаты - әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ата-аналармен тығыз әріптестік байланыс орнату болды. Тренингке 2-сыныптың белсенді әкелері қатысып, өзара пікір алмасып, қыз тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Мектеп психологы
"Брейн ринг" білімгерлер сайысы өтті.
20
ноябрь
2025
"Брейн ринг" білімгерлер сайысы өтті.
«Цифрлы дәуір – ғылыми ізденіске жаңа тыныс» атты МИФ апталығы аясында өткен 8-11 сынып оқушылары арасында  "Брейн ринг" білімгерлер сайысы өтті. Мақсаты:оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қалыптастыру. Сайыс 4 раундтан тұрды:«warm - up», «gde logika», «shazam», "сіз кімсіз?"  8-11 сыныптан 2 команда құрылды: "Адлет" және "Алғырлар". Ойын өте қызықты және тартысты өтіп, оқушылар белсене қатысты. ойын соңында "Адлет" командасы І орын, "Алғырлар" командасы
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының қалалық кезеңі
19
ноябрь
2025
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының қалалық
"Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының қалалық кезеңінде "Шығармашыл толқын" бағыты  бойынша бастауыш сынып мұғалімі Кутешова Жадыра Серікқалиқызы, информатика пәні мұғалімі Камбарова Альфия Куандыковна, көркем еңбек пәні мұғалімі Каттебева Кундыз ІІІ орындарды иеленді."Психолог сандықшасы" бағыты бойынша Рамьянова Анар Мауытхановна ІІІ орын, «Сабақ аяқталған соң..... » бағыты бойынша Нугуспанова Шынар Туленовна жүлделі ІІ орын алды. Әріптестерімізді құттықтап, шығармашылық
"Өзің оқы,өзгеге ұсын" атты READx - оқу конференциясын ұйымдастырды.
19
ноябрь
2025
"Өзің оқы,өзгеге ұсын" атты READx - оқу конференциясын ұйымдастырды.
19 қараша күні "3 ЖОББМ" КММнің мектеп кітапханасы акт залында "Өзің оқы,өзгеге ұсын" атты READx - оқу конференциясын ұйымдастырды. Қатысушы спикерлер 9-10 сынып оқушылары болды. Өзінің оқыған кітабын оқырмандарға өте жақсы жеткізе білген 10"б" сынып оқушысы Айтуганова Балжан, 9"б" сынып оқушысы Нурмұхамедов Ильяс, 9"в" Жұмағалиева Кәусар мадақтамалармен марапатталды.
“Цифрлық дәуір – ғылыми ізденіске жаңа тыныс” атты математика, физика және информатика пәндер апталығы аясында “Кім жылдам?” ойыны өткізілді.
18
ноябрь
2025
“Цифрлық дәуір – ғылыми ізденіске жаңа тыныс” атты математика, физика
18 қараша 2025 жылы “Цифрлық дәуір – ғылыми ізденіске жаңа тыныс” атты математика, физика және информатика пәндер апталығы аясында “Кім жылдам?” ойыны өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға математика, физика және информатика пәндеріне байланысты тапсырмалар берілген сұрақтарды есте сақтап, жауаптарын жеке параққа жазу арқылы өз шапшаңдығын,   есте сақтау қабілетін және пәндік білімін көрсетті. [media=https://www.instagram.com/reel/DROzvc1iFZK/?igsh=NTBvYm8wanR2MjMz]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее