"Даналык мектебі" жобасының жоспары негізінде 2-сынып әкелеріне арналған "Әке - отбасы тірегі" атты мазмұнды тренинг өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » "Даналык мектебі" жобасының жоспары негізінде 2-сынып әкелеріне арналған "Әке - отбасы тірегі" атты мазмұнды тренинг өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

21
ноябрь
2025

"Даналык мектебі" жобасының жоспары негізінде 2-сынып әкелеріне арналған "Әке - отбасы тірегі" атты мазмұнды тренинг өтті.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, мектебімізде "Даналык мектебі" жобасының жоспары негізінде 2-сынып әкелеріне арналған "Әке - отбасы тірегі" атты мазмұнды тренинг өтті. Ic-шараның негізгі мақсаты - әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін күшейту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және ата-аналармен
тығыз әріптестік байланыс орнату болды.
Тренингке 2-сыныптың белсенді әкелері қатысып, өзара пікір алмасып, қыз тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Мектеп психологы А.Рамьянова қатысушыларды психологиялық ойындар мен
тәжірибелік тапсырмалар арқылы әке мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты қалай дамытуға болатынын көрсетті. Әкелер
топтық жұмыстар атқарып, өз ойларымен бөлісіп, отбасындағы әке жауапкершілігі мен үлгі болудың маңызын тағы бір мәрте терең түсінді. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ата-аналардың тәрбие үдерісіне белсенді
қатысуын арттырып, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтатыны сөзсіз.
"Даналық мектебі" жобасы алдағы уақытта да ата-аналар қауымына бағытталған түрлі
кездесулермен жалғасын табатын болады.
[media=https://www.instagram.com/p/DRbJFNNCMv-/?igsh=ZWFseHJ2anFmYzRr]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее