Педагог-психолог » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"16 күн - Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" акциясына орай 6-9 сыныптар арасында аноним түрінде тест алынды.
03
декабрь
2025
"16 күн - Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" акциясына орай 6-9 сыныптар
Республикалық "16 күн - Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес" акциясына орай 6-9 сыныптар арасында аноним түрінде тест алынды.  Мақсаты: оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың алдын-алу, отбасындағы қауіпсіз ортаны нығайту және адам құқығын қорғау мәдениетін қалыптастыру.
1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні.
01
декабрь
2025
1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні.
1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні. Осы маңызды күнге орай мектебімізде 1-4, 7-9 сынып оқушылар арасында «ЖИТС – білім мен сақтанудың кепілі» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылып, қабырға газеті ілінді. Көрме мен қабырға-газетте: ✓ЖИТС дегеніміз не және оның адам ағзасына әсері; ✓АИТВ қалай жұғады және қалай жұқпайды? ✓ЖИТС-тен қорғанудың тиімді жолдары; ✓Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күнінің маңызы мен тарихы туралы ақпараттар берілді.
“Біз командамыз” атты тренинг өткізілді
11
ноябрь
2025
“Біз командамыз” атты тренинг өткізілді
11.11.2025 ж. Педагогикалық-психологиялық қолдау апталығы аясында бастауыш сынып оқушыларының өзара достық қарым-қатынасын, бір-біріне деген сыйластық пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2-сынып оқушыларымен “Біз командамыз” атты тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – балалардың бір-бірімен тату, ұйымшыл болуына, өз ойын еркін жеткізе білуіне және сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ету. Іс-шара барысында оқушылар сергіту жаттығуларына қатысып, түрлі топтық
"Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі" апталығының ашылуы өтті.
10
ноябрь
2025
"Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі" апталығының ашылуы өтті.
10.11.25 күні "Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі" апталығының ашылуы өтті.  Апталықтың мақсаты: білім беру ұйымында қолайлы психологиялық ахуал құру, эмоционалды күйзелістің алдын алу, балалар, ата-аналар мен педагогтер арасында психологиялық көмек пен қолдауды насихаттау. [media=https://www.instagram.com/reel/DQ_EUDwCPhY/?igsh=YTJkN2NycDI3NWtv]
"ДосболLIKE" бағдарламасы аясында "Достық көпірі" тақырыбында шағын тренинг жүргізді.
07
ноябрь
2025
"ДосболLIKE" бағдарламасы аясында "Достық көпірі" тақырыбында шағын
07.11.25 күні мектеп психологы Сапарова А.А. жас сарбаз 9 "А" сынып оқушыларымен "ДосболLIKE" бағдарламасы аясында "Достық көпірі" тақырыбында шағын тренинг жүргізді.  Тренинг мақсаты:  ✓оқушылар арасында өзара түсіністік пен сыйластық орнату;  ✓бір-біріне сенім мен қолдау көрсетуге тәрбиелеу;  ✓топ ішінде жағымды психологиялық ахуал орнату.
«Мен және менің сыныбым» атты тренинг
06
ноябрь
2025
«Мен және менің сыныбым» атты тренинг
2025 жылдың 6 қарашасында мектебімізде 2-сынып оқушылары арасында мектеп психологы А.М.Рамьянова «Мен және менің сыныбым» атты тренинг өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың өзара қарым-қатынасын жақсарту, достық пен бірлікті нығайту, сыныптағы жылы атмосфераны қалыптастыру болды. Тренинг барысында оқушылар түрлі қызықты ойындар мен жаттығуларға қатысып, бір-бірімен тығыз танысып, өз ойларын еркін білдірді. «Шаттық шеңбері», «Мен кіммін?», «Сыныбымыздың күн сәулесі» сияқты
2025 жылдың 5 қарашасында  "Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты тақырыпта қыздар жиналысы  өтті.
05
ноябрь
2025
2025 жылдың 5 қарашасында "Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты
2025 жылдың 5 қарашасында  "Қыз бала тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" атты тақырыпта қыздар жиналысы  өтті. Кездесуді мектептің медбикесі мен психологтары ұйымдастырып, қыз балалардың рухани, мәдени және денсаулық тәрбиесіне ерекше назар аударды.  Жиналыс барысында «қыз баланың әдептілігі мен инабаттылығы», «тазалық пен салауатты өмір салты», «өз-өзіне сенім мен жауапкершілік» тақырыптары талқыланды. Психологтар қыздардың ішкі жан дүниесіне үңіліп, өз қадірін тануға шақырды, ал медбике жеке гигиена мен
Бүгін мектебімізде психологтардың  А.М.Рамьянова мен А.А.Сапарованың ұйымдастыруымен  «Педагогтердың эмоциялық күйді басқару және кәсіби күйіп кетудің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді
31
октябрь
2025
Бүгін мектебімізде психологтардың А.М.Рамьянова мен А.А.Сапарованың
31 қазан 2025 ж. Бүгін мектебімізде психологтардың  А.М.Рамьянова мен А.А.Сапарованың ұйымдастыруымен  «Педагогтердың эмоциялық күйді басқару және кәсіби күйіп кетудің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді  Мақсаты: Ұстаздарға эмоциялық күйді реттеу, стресс пен кәсіби қажудың алдын алу жолдарын үйрету. Тренинг барысында қатысушылар: Эмоцияларын тану және басқару тәсілдерін меңгерді; Тыныс алу мен релаксация жаттығуларын орындады; Өзін-өзі қолдау мен мотивацияны арттыру әдістерін талқылады;
«Досболайық» бағдарламасы аясында "Менің сыныбым" атты тренинг ұйымдастырылды.
08
октябрь
2025
«Досболайық» бағдарламасы аясында "Менің сыныбым" атты тренинг
8.11.2025 жылы 3-сынып оқушыларына «Досболайық» бағдарламасы аясында "Менің сыныбым" атты тренинг ұйымдастырылды. Мақсаты – балалардың эмоционалдық интеллектін дамыту, сынып ішіндегі сенімді қарым-қатынас орнату және әр оқушының бойындағы жақсы қасиеттерін ашу.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее