“Біз командамыз” атты тренинг өткізілді » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » “Біз командамыз” атты тренинг өткізілді

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

11
ноябрь
2025

“Біз командамыз” атты тренинг өткізілді

11.11.2025 ж. Педагогикалық-психологиялық қолдау апталығы аясында бастауыш сынып оқушыларының өзара достық қарым-қатынасын, бір-біріне деген сыйластық пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2-сынып оқушыларымен “Біз командамыз” атты тренинг өткізілді.
Тренингтің негізгі мақсаты – балалардың бір-бірімен тату, ұйымшыл болуына, өз ойын еркін жеткізе білуіне және сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ету.
Іс-шара барысында оқушылар сергіту жаттығуларына қатысып, түрлі топтық ойындар ойнады. “Достық шеңбері”, “Жақсы сөз – жанға қуат”, “Бір мақсат – бір команда” сияқты тапсырмалар арқылы балалар өзара көмек көрсетуді, тыңдай білуді және бірлесе әрекет етуді үйренді.
[media=https://www.instagram.com/reel/DRBklR2CEQM/?igsh=d2c4bzJ2ZjJ5ZW5l]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее