“Төрт ғылым- бір Отан” атты тарих, география, биология және химия апталығы аясында Қазақстан тарихы пәнінен 11”Б”-сыныбында ашық сабақ өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » “Төрт ғылым- бір Отан” атты тарих, география, биология және химия апталығы аясында Қазақстан тарихы пәнінен 11”Б”-сыныбында ашық сабақ өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

10
декабрь
2025

“Төрт ғылым- бір Отан” атты тарих, география, биология және химия апталығы аясында Қазақстан тарихы пәнінен 11”Б”-сыныбында ашық сабақ өткізілді.

[media=https://www.instagram.com/reel/DSEl_Z9iLNe/?igsh=MTQyejExbnQ2NHp5cg==]
8-желтоқсан күні “Төрт ғылым- бір Отан” атты тарих, география, биология және химия апталығы аясында Қазақстан тарихы пәнінен 11”Б”-сыныбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың тақырыбы: “Қазақстанның саяси-әлеуметтік және мәдени өміріндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі”.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы туралы біледі, Қазақстандағы тұрақтылық пен келісімді қалыптастырудағы Ассамблеяның рөліне талдау жасайды. Сабақ барысында оқушылар ( “Татулық”, “Бірлік”, “Ынтымақ”) деп “Реттілік” әдісімен 3топқа бөлінді. “Психологиялық ахуал” қалыптастырып, үй тапсырмасына берілген “Топтастыру” әдісі бойынша сұралды. Ой шақыру сұрақтары қойылып, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаттары анықталды. ЖИ арқылы “Қазақстан халқы Ассамблеясы- татулық бастауы” тақырыбында бейнематериал көрсетілді. Оқушылар “Джигсо” әдісі бойынша жасаған постер жұмыстарын қорғады. Дескрипторларға назар аудара отырып, жұптық тапсырмалар орындады, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырып қорытындыланды. Сабақ соңында “ Бір ауыз сөзбен сабақ” әдісі бойынша кері байланыс беріліп, оқушылар бағаланды, үй тапсырмасы берілді.
Пән мұғалімі: Б.Б.Айтмуханова
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее