«Ерікті болу – ерлікпен тең» тақырыбында 1–11 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » «Ерікті болу – ерлікпен тең» тақырыбында 1–11 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

03
декабрь
2025

«Ерікті болу – ерлікпен тең» тақырыбында 1–11 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.


























Дүниежүзілік еріктілер күні:
«Ерікті болу – ерлікпен тең» тақырыбында 1–11 сыныптарда тәрбие сағаттары өтті. 
Дүниежүзілік еріктілер күні аясында мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына арналған «Ерікті болу – ерлікпен тең» тақырыбында тәрбие сағаттары  ұйымдастырылды. Еріктіліктің қоғамдағы маңызын түсіндіру, оқушыларды мейірімділікке, жауапкершілікке және азаматтық белсенділікке баулу – өткізілген сабақтардың негізгі мақсаты болды.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға еріктілер қозғалысының мәні, оның қоғамға тигізетін оң әсері, қайырымдылық, ортақ іске үлес қосу, бір-біріне қолдау көрсету секілді адамгершілік құндылықтар жөнінде түсінік берілді. Мұғалімдер еріктілердің нақты мысалдарын келтіре отырып, еліміздегі және әлемдегі волонтерлердің маңызды қызметтері туралы айтып өтті.
Шара барысында оқушыларға «Еріктінің жүрек жылуы» тақырыбында мотивациялық бейнежазбалар көрсетіліп, мектептегі волонтерлік топтың жұмысы таныстырылды. Оқушылар өз бастамаларымен қарттарға көмектесу, мектеп айналасын абаттандыру, қайырымдылық акцияларына қатысу секілді нақты ұсыныстар айтты.
Өткізілген тәрбие сағаттары балалардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоғамға пайдалы болу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Еріктілік – тек қолғабыс беру ғана емес, жүректің жылуы, өзгеге мейіріммен қарау екендігі оқушыларға кеңінен түсіндірілді. Мектебімізде еріктілік бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее