11
ноябрь
2025
Жас мамандар отырысы өтті
Жас мамандар отырысы өтті
Күні: 2025 жылғы 11 қараша
Бүгін «Ұлттық құндылықтарды оқыту пәндеріне кіріктірудің өзектілігі» тақырыбында жас мамандардың отырысы өтті. Іс-шараның мақсаты – жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, оқу-тәрбие процесінде ұлттық құндылықтарды тиімді кіріктірудің жолдарын қарастыру және тәжірибе алмасу болды.
Отырыста қатысушылар қазіргі білім беру мазмұнында ұлттық тәрбие мен рухани-адамгершілік құндылықтардың рөлін талқылады. Мұғалімдер өз пәндерінде ұлттық құндылықтарды кіріктірудің тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, шығармашылық идеяларын ортаға салды.
Іс - шара барысында "Фильм дидактикасы" әдісін қолдану тиімділігі талқыланып, жас мамандар қысқа метражды фильм көріп, сол бойынша тапсырмалар орындады.
Іс-шара соңында жас мамандарға әдістемелік ұсыныстар берілді.
Осындай кездесулер жас педагогтардың кәсіби өсуіне, ұлттық тәрбиені насихаттау мен білім сапасын арттыруға зор ықпал етеді.