02
октябрь
2025
“Есінде ме сол бір кез” атты ардагер ұстаздармен кездесу өтті.
2 Қазан «Сөз өнерінің сиқырлы әлемі» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында “Есінде ме сол бір кез” атты ардагер ұстаздармен кездесу өтті. Бүгін біз өткеннің өнегелі ізіне тағзым етіп, батырлық пен қайсарлықтың, елге деген адалдық пен сүйіспеншіліктің символына айналған ардагерлеріміз Көгершін Мұхтарқызы, Бижамал Оразбековна, Галина Нұраждарова жүздестік. «Есінде ме сол бір кез...» – деген аттың өзі бізді тарихтың қатпарлы беттеріне жетелеп, сол кездегі ел басынан өткен ауыр күндер мен жеңісті жылдарды еске түсіреді. Сол бір кез – жүректегі жара да, мақтаныш та. Ардагерлеріміздің жас күнінде төккен маңдай тері мен төзімі, елі үшін атқарған ерлігі – бүгінгі бейбіт күніміздің негізі. Ардагерлеріміздің өмір жолы – тарихтың тағылымы, ұрпаққа үлгі. Ерлік пен елдік жайлы айтылған әрбір әңгіме – ұрпақ жадында мәңгілікке сақталады. Бұл кеш – өткенімізге тағзым, бүгінімізге ой, болашағымызға бағдар болды.


