“Хакім мұрасы” атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған интеллектуалды ойыны өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » “Хакім мұрасы” атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған интеллектуалды ойыны өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

01
октябрь
2025

“Хакім мұрасы” атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған интеллектуалды ойыны өтті.

1 Қазан күні «Сөз өнерінің сиқырлы әлемі» атты қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің апталығы аясында бірлестіктер арасында “Хакім мұрасы” атты Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған интеллектуалды ойыны өтті. Интеллектуалды ойын 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең “Асыл сөз” ақынның шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы өтті. Екінші кезең “Жидебай жұмбағы” бұл кезеңде топтарға жұмбақтың шешімін табу бойынша жұмыстар жүргізілді. Сайыстың соңы “Ұлы Абай ізімен” атты кезеңмен аяқталды. Бұл кезеңде қатысушыларға жағдаяттық тапсырмалар берілді, басты мақсаты шешімнің жауабын өзің Абайдың орнына қойып жауап беру. 
Өткен шараның нәтижесі
1 орын “Тарих, География пәні бірлестігі”
2 орын “Бастауыш сынып мұғалімдерінің бірлестігі”
 “Ағылшын тілі пән мұғалімдерінің бірлестігі”
3 орын “Математика пән мұғалімдерінің бірлестігі”
Ойын соңында белсене қатысқан ұстаздарға сыйлықтар беріліп, кері байланыс алынды. Абай квизі ұстаздарға танымдық, рухани, мәдени тұрғыда әсер етіп қана қоймай, мұғалім беделін арттырып, оқушыға өнеге көрсетудің тиімді жолы болады.


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее