Өз қолымызбен отырғызылған көшеттер - пластикалық бөтелкелерден жасалған қолөнер.






















Көктем басталды, көктемгі көгалдандыру жұмыстары туралы ойланатын кез келді. Сіз әртүрлі тәсілдермен көшеттер отырғыза аласыз.Біз көкөністер мен гүлдерді көктемде отырғызамыз, ал қыста үйіміздің немесе пәтеріміздің терезесінің алдында өсіреміз . Дайын контейнерлерді сатып алуға ақша жұмсамау үшін, сіз өз қолыңызбен көшеттерге қорап жасай аласыз.Бөтелкелерден жасалған ыдыста көшеттерді өсіру артықшылық береді. Ол үшін көктемгі демалыста біз сыныптағы әр оқушыға уйде терезе алдында гүл көшеттерін өсіруге онлайн тапсырма бердік. Оқушылар мен олардың ата-аналары гүл өсіру процесіне белсенді қатысуда. Қазіргі уақытта мектепте 34 сынып бар, оларда 818 бала оқиды. Біздің бастамамызды 616 ата-ана қолдады. Енді олар ұйымдастыру комитетіне фотоесептер жіберуде. Отырғызылғандар: астралар, петуниялар , біржылдық георгинялар, бархыттар т.б. Мамырдың жылы күндерінде балалар мектепке гүл көшеттерімен келеді деп ойлаймыз, жұмыс жалғасуда.


