Тұрмыста кездесетін аса қауіпті қалдықтар
Қауіпті қалдықтардың қоршаған ортаға тигізетін зиянын түсіне келе, біз отбасымызда аса зиянды қалдықтарды жеке сауытқа жинауды әдетке айналдырдық. Себебі олардың құрамында қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсер ететін кадмий, сүрме, қорғасын, сынап сияқты қауіпті заттар болады. Олар адам ағзасына түссе, бауырда, бүйректе, сүйекте, қалқанша безінде біртіндеп жиналып, адам ағзасында онкологиялық аурулардың тууына себеп болуы мүмкін. Тұрмыста кездесетін қалдықтардың қайсысы аса қауіпті екен?
Өнімнің таңбалануында «сызылып тасталған қоқыс жәшігі» белгісі бар тауарларды істен шыққан соң, басқа қоқыспен бірге тастауға болмайды.
Олар: батареялар мен аккумуляторлар, энергияны үнемдейтін шамдар мен құрамында сынап бар құрылғылар(термометр, тонометр, барометр), автомобиль шиналары, электр және электрон жабдықтар (зарядтағыш, фен, пульт, телефон, планшет, компьютер, принтер, теледидар, ас үй жабдықтары), оттықтар мен аэрозольдар.
Математика пәні мұғалімі Косбармакова А.К.






