Өз ұжымыңыз, мектебіңіз туралы пікіріңіз. Бұл мектепті қалай сипаттау едіңіз?
Жақсы мектепте білім алу мен ұстаз ретінде жұмыс істеу бір бақыт деп білемін. Өйткені ұстаздық мамандықты таңдағаннан кейін өміріміздің басым бөлігі, білімнің кемесі - мектепте өтетіні белгілі. Әрбір жұмыс күнімнің мәнді, нәтижелі болуы - сапалы білім алуға деген зор ықыласпен алдымда отырған сүйкімді оқушыларым, олардың тілеуін тілеп отырған ата-аналарымның үлкен үміті, шәкірттерімізді заманауи деңгейде оқытуға жан-жақты жағдай жасап, әр ұстаздың өсіп-дамуына үнемі қолдау білдіретін мектеп басшылығы мен өзара тәжірибе алмасып, білгенін білмегенге үйретіп, бір отбасының балаларындай әрдайым бауырластық демеу болатын әріптестерімнің сенімі.
Қаламыздың қақ ортасынан орын тепкен ордалы мектебіміз, шын мәнінде, білім мен тәрбиенің кемесіндей. Әр оқушының сапалы білім алып, жақсы тәрбиені бойына жинап, болашаққа нық сеніммен қадам басуына барлық жағдай жасалған. Бір ордаға музыка, балет, спорт, дебат үйірмелерін түйістіріп, баланың жан-жақты дамуын көздейді.
Осындай алтын ұя, құтты мекенде ұстаздық қызмет ету - мен үшін зор мәртебе.
Сарсембинова Мунира Кадесбековна бастауыш сынып мұғалімі


