Ақпарат » Страница 218 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Эковолонтерлар "Қалдықты сұрыптауды үйренейік!" тақырыбында сұхбат жүргізуде
10
март
2021
Эковолонтерлар "Қалдықты сұрыптауды үйренейік!" тақырыбында сұхбат
Мектебіміздің жас маманы,  эковолонтёр Турарбекова Айым қала түрғындары арасында "Қоқысты сұрыптауды үйренейік!" тақырыбында сұхбат жүргізуде.  Айым өз жұмысын дүкендерде бастады, сатушылар мен келушілердің қалдықтарды бөліп-жинау бойынша ойларын білді. Дұрыс сұрыптау жұмыстарын қалай жүргізуге болатынын туралы ақпараттар беріп, насихат жұмыстарын жүргізді. Сұхбат барысында қала тұрғындарының, соның ішінде дүкенге келушілердің 40%-ы қалдықтарды сұрыптамайтындарын, бірақ енді әдетке айналдыруға
"Қалдықты сұрыптауды әдетке айналдырайық!" акциясы жалғасуда
10
март
2021
"Қалдықты сұрыптауды әдетке айналдырайық!" акциясы жалғасуда
9 "В" сынып оқушысы, эковолонтёр Бактыгазыкызы Акерке "Қоқысты сұрыптауды әдетке айналдырайық!" акциясын жалғастыруда. Ақерке қалдықтарды бөліп-жинауды әдетке айналдыра отырып, қала тұрғындарына қалдықтарды сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіру үшін дүкендерге барып, үгіт насихат жұмыстарын жүргізуде. Ақеркенің бұл ісі бәрімізге үлгі болары анық, жарайсың!
Екінші өмір
10
март
2021
Екінші өмір
     Тұрмыста қажетті емес заттарға екінші өмір беру барлықтарыңыздың да қолдарыңыздан келеді. Мысалға, менің видеомда тұрмысқа қажет емес немесе пайдаланбайтын люстраларыңызды (шамдарыңызды) дәл осылай гүлдің сауыты етіп, тұрмыста әрмен қарай қолдануға болады. Үйіңіздің де сәнін келтіреді, әрі экологиямызды да ластанудан сақтап қалудың бір жолы деп білемін. Табиғатты қорғау біздің парызымыз.
Эковолонтер сұхбаты
10
март
2021
Эковолонтер сұхбаты
Мектебіміздің эковолонтер мүшесі Тубекбаева А.Т. көктемде қар еріп, қыста қар астында қалған қоқыс қалдықтары шығып ауламыз ластанатын болғандықтан, мектепке жақын аудандарда орналасқан дүкендерге қоқыс қалдықтарын сұрыптап жинау бойынша ақпараттар таратты. Сондай – ақ, алдағы уақытта қоқысты сұрып жинауды ұсынды. Ұсынысты дүкен иелері жақсы қабылдап, келісім берді. 
Бір реттік қолданылатын полиэтилен пакетке жоқ дейміз!
09
март
2021
Бір реттік қолданылатын полиэтилен пакетке жоқ дейміз!
Бірнешерет қолданылатын, экологиямызға зияны жоқ экосөмке қолданғыңыз келсе, бірақ қайдан алатыныңызды немесе қалай тігіп алуға болатынын білмейтін болсаңыз, осы видеоға назар аударып тігудің жолын үйреніп алсаңыз болады. 15  минут тігіп 15 аптадан аса қолданасыз. Және сөмкеңізді әдемілеп әсемдеп алсаңыз да болады"
"Эко жарнамалар"
09
март
2021
"Эко жарнамалар"
Қоғамдағы қалыптасқан табиғатты қорғауға деген көзқарасты өзгертуге шақырады. Негізгі міндеттері: адамдарды табиғатты сүюге үйрету; қоршаған ортаны қорғауда әр адамның жеке бастамасы маңызды екендігін атап өту; адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін сезінуге көмектесу болып табылады. Біздің эковолонтер тұтынушыларға «Қоқысты бүгіннен бастап бөліп жинаймын!» үндеу қағаздарын таратып, тұрғындар бойында жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосты. Қазіргі кезде
Полиэтилен және экология
09
март
2021
Полиэтилен және экология
Бүгінгі таңда біздің планетамыздағы экологияның жағдайы көп нәрсені талап етеді, ал полиэтилен пакеттері бұл жерде маңызды рөл атқарды. Мәселе мынада, полиэтилен пакеттері ыдырамайды және осылайша планетамызды ластайды, өйткені олар іс жүзінде өңделмейді. Оларды өртеуге болмайды, себебі пакет көміртегі тотығы мен зиянды канцерогендердің шығарылуына әкеледі, ал жер астына көму су мен топырақтың улануына әкеледі. Алайда бұл экологиялық жағдайды жақсартуға болады.  Ол үшін , дүкенге барғанда  мата
Сынған пластикалық ойыншықтар
09
март
2021
Сынған пластикалық ойыншықтар
Бала жасы өскен сайын  әр түрлі пластик ойыншықтарға қызығып алып беріп жатамыз. Бірақ  жасы өскен соң баланың ол пластик ойыншыққа деген қызығушылығын жоғалтады. Ал керексіз ойыншықтарды орын алып тұрмас үшін лақтыруға тура келеді. Дегенмен осы келенсіздік алдын алу үшін Голландиялық EcoBirdy жобасы сынған балалар ойыншықтарынан жиһаз жасайды. Өндірістен басқа компания пластиктің зияны туралы білім беру жобасын іске қосты және балабақшаларда балаларға сынған ойыншықты тастай алатын арнайы
Қағаз қалдығынан банкомат жасау.
09
март
2021
Қағаз қалдығынан банкомат жасау.
6 «А» сынып оқушысы Садыкова Карлығаш қоқысты сұрыптауды әдетке айналдырған, қалдықты сұрыптау кезінде картон қағаз қалдығынан банкомат жасады. Осылайша Қарлығаш қалдық қағаздарды керегіне жаратып, оларға екінші өмір сыйлады. Қарлығаш үнемі қалдықтарды сұрыптап, керексіз заттардан керекті заттар жасауды ұнатады. 
Картон қағаздан сөре жасау.
09
март
2021
Картон қағаздан сөре жасау.
7 «Б» сынып оқушысы Меирбаева Айдана үй жағдайында қоқысты сұрыптап, содан шыққан картон қағаз қалдығынан өзіне оқу құралдарын т.б.заттар салатын сөре жасап, әдемілеп әшекейледі. Осылайша Айдана қалдық қағаздарды керегіне жаратып, оларға екінші өмір сыйлады. Сондай – ақ Айдана достарына, сыныптастарына қалдықтарды сұрыптап, қалдық қағаздарды керегіне жаратуға болатыны туралы видео роликпен бөлісті.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее