19
ноябрь
2025
7 «В» сыныбында қазақ тілі пәнінен lesson study технологиясы бойынша зерттеу сабағы өтті.
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында 19.11.2025 күні [media=https://www.instagram.com/reel/DRPRCvOCHr_/?igsh=YTYxaG45Z2o0ZG14]
Тақырыбы: «Сүйіспеншілік - шынайы сезім»
Сабақ мақсаты: 7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу; 7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану;
Үй жұмысы «Wordwall» қосымшасы арқылы өткен сабақты еске түсіру мақсатында сұрақтарға жауап берілді. Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға "Суреттер галереясы" әдісі ұсынылды. Оқушылар суреттерді көру арқылы сабақтың тақырыбын болжады. Оқу мақсаты бойынша топтық тапсырма беріліп, постер қорғады. Әрі оқулықпен жұмыс ретінде грамматикалық тапсырмалар ұсынылды. Сабақты бекіту тапсырмасы "Төрт сөйлем" әдісі арқылы орындалды. Тапсырманың басты мақсаты өткен тақырып бойынша өз ойларын жүйелеп, тақырып бойынша қорытынды ой түю. Сабақтың соңында Cynzy. com қосымшасы арқылы кері байланыс алынды. Сабаққа балалар ашық, еркін, белсенді қатысты.
Пән мұғалімі: Жилкибаева Г.А.