"Ер- ел есінде" атты кітап сөресі ұйымдастырылды. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » "Ер- ел есінде" атты кітап сөресі ұйымдастырылды.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

15
ноябрь
2025

"Ер- ел есінде" атты кітап сөресі ұйымдастырылды.

15 қараша- Ғалым,педагогика, жазушы ССРО Педагогика ҒА-ның академигі, Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің 110жыл толуына орай "3ЖОББМ"КММнің кітапханасында "Ер- ел есінде" атты кітап сөресі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Батыр жазушының шығармашылық еңбегімен және өмірімен таныстыру. 
М.Ғабдуллин ғылыми - зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауыз әдебиеті " (1958),(1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде батырлар жыры, дастандар, айтыс өлеңдері,мақал - мәтелдер,  жұмбақтың, ертегілер туралы  жан - жақты терең талдау лар жасап тәрбиелік мәнін ашып көрсеткен. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ жауынгерлерінің ерліктерін жаза отырып, соғыстан кейінгі жылдарда шығарған кітаптары " Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз"(1948), " Майдан очеріктері"(1949) шығармаларында адамдардың жауынгерлік тұлғасын, қахармандық бейнесін суреттеді.
Педагог - жазушы  ретінде "Ата - аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) атты кітабында бесік жырынан бастап батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны іс жүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді.
Оқырмандар батыр жазушы жайында жазылған мақалалар мен танысты.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее