педагогикалық кеңес аясында “Инновациялық әдіс-тәсілдер - оқушылардың тұлғалық құзыреттілігін дамытудың басты құралы” тақырыбында тарих пен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » педагогикалық кеңес аясында “Инновациялық әдіс-тәсілдер - оқушылардың тұлғалық құзыреттілігін дамытудың басты құралы” тақырыбында тарих пен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

07
ноябрь
2025

педагогикалық кеңес аясында “Инновациялық әдіс-тәсілдер - оқушылардың тұлғалық құзыреттілігін дамытудың басты құралы” тақырыбында тарих пен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

07.11.2025 күні педагогикалық кеңес аясында “Инновациялық әдіс-тәсілдер - оқушылардың тұлғалық құзыреттілігін дамытудың басты құралы” тақырыбында тарих пен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Инновациялық әдіс-тәсіл – оқушының тұлғалық құзыреттілігін дамытудың басты құралы.
Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – жан-жақты дамыған, өз ойын еркін жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай білетін, өмірлік жағдаяттарда шешім қабылдай алатын тұлға қалыптастыру. Осы мақсатқа жету үшін мұғалімдердің оқу үдерісінде интеллектті тиімді қолдану аса маңызды.
Тәжірибе алмасу барысы ынтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында “Шабандоз” әдісі жүргізілді. Берілген сурет бойынша екі жүйрік атқа екі шабандозды дұрыс орналастырып, суретті құрастыру қажет болды. Екінші жүргізілген жұмыс “Домино” әдісі арқылы өтті. Бұл әдісті өткен тақырыпты пысықтау болмаса қорыту кезеңінде өткізген тиімді. Сын тұрғысынан ойлау және логиканы дамытуға байланысты “Тахеостоп” әдісімен жұмыс жүргізілді. Бұл әдіс көбіне сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады. Іс-тәжірибе алмасуда көрсетілген ең соңғы тапсырма “Joyteka” платформасының көмегі арқылы квест ойыны мұғалімдермен бірге тәжірибе жүзінде көрсетілді. Квест форматы — ойын элементтерімен байытылған білім беру әдісі. Кері байланыс Padlet платформасы арқылы мұғалімдер тәжірибе алмасудан алған әсерлерімен бөлісті.
[media=https://www.instagram.com/reel/DQwpOpjiExj/?igsh=OGNsa2xuN2d4eXBh]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее