5 «В» сыныбында ағылшын тілі пәнінен Lesson Study технологиясы бойынша зерттеу сабағы өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 5 «В» сыныбында ағылшын тілі пәнінен Lesson Study технологиясы бойынша зерттеу сабағы өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

07
ноябрь
2025

5 «В» сыныбында ағылшын тілі пәнінен Lesson Study технологиясы бойынша зерттеу сабағы өтті.

«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында 07.11.2025 күні
5 «В» сыныбында ағылшын тілі пәнінен Lesson Study технологиясы бойынша зерттеу сабағы өтті.
Тақырыбы: Character adjectives.
Сабақ мақсаты: Оқушылардың адам мінезін сипаттайтын сын есімдерді меңгеруі, оларды сөйлемде дұрыс қолдана білуге дағдыландыру, өз ойын ағылшын тілінде еркін жеткізуге үйрету.
Үй тапсырмасы: Quizizz платформасында берілген тапсырмалар арқылы оқушылар өткен тақырыпты қайталап, жаңа сөздерді еске түсірді.
Сабақ барысында оқушылардың өздігінен білім алуына мүмкіндік жасалды.
«Think–Pair–Share» әдісі арқылы оқушылар жұппен және топпен жұмыс жасап, кейіпкерлердің мінез-құлқын сипаттау бойынша сөйлемдер құрастырды.
Бекіту кезеңінде «Matching adjectives with characters» тапсырмасы орындалды.
Сабақ соңында «Нейро жаттығу» жүргізіліп, оқушылардың зейінін шоғырландыру мен есте сақтау қабілетін дамытуға көңіл бөлінді.
Бағалау: «Смайлик беру» әдісі арқылы жүзеге асырылды, яғни оқушылар бір-бірін ынталандырып, өзара бағалады.
Рефлексия: «Traffic lights» (Бағдаршам) әдісі арқылы өткізілді. Оқушылар сабақ бойынша өз ойларымен бөлісті.
Пән мұғалімі: Серікқан А.Е.
[media=https://www.instagram.com/reel/DQwuwAziIps/?igsh=czZjMzdnbDF5bmd5]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее