06
октябрь
2025
Шебер ұстаз – жаңашыл білімнің көшбасшысы
Шебер ұстаз – жаңашыл білімнің көшбасшысы 🌟Білім мен тәрбие – егіз ұғым. Ал сол егіздің жүрегінде ұстаздың шеберлігі мен жаңашылдығы жатыр.
Шебер ұстаз – шәкірттің бойындағы отты маздататын,
заман талабына сай ойлап, әрекет ететін тұлға.
Ол – білімді де білікті, рухты да жаңашыл ұстаз!
📚 Қай кезде де жаңашыл ұстаз – өзгерістерге жол ашушы,
шәкірт жүрегіне нұр сепкен,
қоғамның дамуына үлес қосқан нағыз көшбасшы.
Ұстаз еңбегі – мәңгілік! 💫
Білімге бағыт беріп, болашаққа жол сілтеген әр ұстазға мың алғыс! ❤️
Арайлым Каматаевна – оқыту үдерісінде жаңа тәсілдерді іздеуге шығармашылықпен қарайтын ұстаз. Мұғалімнің әріптестерімен, оқушылармен және ата-аналармен тығыз ынтымақтастық орнатуының арқасында өз қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Сабақ беру барысында ол заманауи технологиялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданады.


