"Бала әлемін түсіну, қолдау, қорғау" тақырыбындағы облыстық ата-аналар сессиясы өткізілді. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » "Бала әлемін түсіну, қолдау, қорғау" тақырыбындағы облыстық ата-аналар сессиясы өткізілді.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

03
сентябрь
2025

"Бала әлемін түсіну, қолдау, қорғау" тақырыбындағы облыстық ата-аналар сессиясы өткізілді.

3.09.2025 ж. мектебімізде Республикалық Отбасы күні қарсаңында "Бала әлемін түсіну, қолдау, қорғау" тақырыбындағы облыстық ата-аналар сессиясы өткізілді. Ата-аналар мен педагогтерге арналған бұл іс-шараның басты мақсаты – бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің өзара әрекетін күшейту, баланың жан-жақты дамуына ықпал ету және мектепке алғаш қадам басқан бүлдіршіндерге дұрыс бағыт беру.
"Мектепке алғашқы қадам: Баланың мектепке бейімделуіне қалай көмектесеміз?" болды. Бұл тақырып – жаңа оқу жылында бірінші сынып табалдырығын аттаған балалар үшін ғана емес, ата-аналар мен ұстаздар үшін де маңызды. Себебі мектепке бейімделу – баланың болашақ білім жолындағы алғашқы және шешуші кезеңі.Психолог мамандар баламен ашық әңгімелесіп, оның уайымы мен қорқынышын түсінуге тырысу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ата-аналарға балаға артық жүктеме жүктемеу, салыстырудан аулақ болу, әрбір жетістігіне қуанып, жігерлендіру қажеттігі түсіндірілді.Іс-шара барысында қатысушылар  ашық диалог алаңдарына, тәжірибе алмасу сәттеріне қатысты. Мектеп психологтері мен бастауыш сынып мұғалімдері нақты мысалдар келтіріп, бейімделу кезеңіндегі қиындықтарды жеңу жолдарын ұсынды.
Ата-аналар өз тараптарынан көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл сессия педагог пен ата-ананың бірлесе жұмыс істеуінің қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее