29.09 күні қазақ тілі пәнінен 5 “в” сыныбына “Ұлттық киім-асыл мұра” тақырыбында ашық сабақ өтті. » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» » 29.09 күні қазақ тілі пәнінен 5 “в” сыныбына “Ұлттық киім-асыл мұра” тақырыбында ашық сабақ өтті.

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

29
сентябрь
2025

29.09 күні қазақ тілі пәнінен 5 “в” сыныбына “Ұлттық киім-асыл мұра” тақырыбында ашық сабақ өтті.

“Сөз өнерінің сиқырлы әлемі” атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аясында 29.09 күні қазақ тілі пәнінен 5 “в” сыныбына “Ұлттық киім-асыл мұра” тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар ұйымдастыру кезеңінде “Бәйге” әдісі арқылы сандармен топқа бөлініп, үй тапсырмасы “алтын ұя” әдісі арқылы сұралды. Сабақ мақсатына жету барысында жарнаманың құрылымы түсіндіріліп, оқушылар қазақи нақышта тігілетін киімдерді сататын сән үйлеріне жарнамалар жасады. “Ұлттық киімдеріміз неге құнды?” сұрағына жауап іздеп, ұлттық киімдеріміздің құндылығын ашып, өз ойларын көрсетіп, постер қорғады. ЖИ көмегімен құрылған “қарқара” бас киімі туралы ақпаратты тыңдап, “Құндылықтар үстелі” әдісімен сұрақтарға жауап берді. Бекіту “киім ілгіш” әдісі арқылы жүргізіліп, оқушылар сабаққа кері байланысты “бәйге” тәсілі арқылы берді.
Пән мұғалімі: Аманбердина Е.Б
[media=https://youtube.com/shorts/zDdFgf_uBP0?si=MoC9k--IYm0leH0O]
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее