20
март
2025
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті.
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен биден шашу шашты. Оқушылар асық ату, арқан тартудан бақ сынасты. Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде әлі де тойлануда. Әріптестерімізді, ата-аналарды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.
Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!

[media=https://youtube.com/shorts/SqS8a1fuyrU?si=kQUpr05-uGgGDybV]
Жаңа жылымыз жаңа табыстарға жетелесін!

[media=https://youtube.com/shorts/SqS8a1fuyrU?si=kQUpr05-uGgGDybV]


