Түймелерден кәдесый жасау » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

08
апрель
2021

Түймелерден кәдесый жасау

Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, қазір даламызда 22 млрд. тонна тұрмыстық қалдық пен қоқыс жинақталыпты. Оның 16 млрд. тоннасы техногендік, минералды қалдықтар болса, 6 млрд. тоннасы – адам денсаулығына аса қауіпті химиялық қалдықтар. Мұның сыртында өнеркәсіптік қалдықтардың үлесі тіпті орасан. Швед ғалымы Нильс Бордт: «Адамзат атом бомбасынан жойылмайды, олар өз қалдығына тұншығуы мүмкін», – деген екен. 1 «А» сынып оқушысы Халелова Айназдың отбасы алдарына «үйдің тазалығын және қоршаған ортамыздың экологиясын сақтау үшін жағдай туғызу» деген мақсат қойып, соған орай көптеген шаралар жүргізуде. Үйдегі бар қалдық заттардан қажетті жаңа заттар жасауды әдетке айналдырған отбасы осы жолы қажетсіз сым қалдықтары мен кәдімгі түймелерден әдемі кәдесый дайындады. Бұған дейін де қалдықтың әр түрін кәдеге жаратып, көпшілікпен бөлісіп отыратын Халеловтар отбасының игі бастамасын қолдаймыз! Айназдың табиғат жанашыры әрі шығармашыл жан болып өсетініне кәміл сенеміз! 


Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее