Материалы за 20.03.2025 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті.
20
March
2025
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына
Бүгін мектебімізде 1-11 сынып оқушыларына және мектеп ұстаздарына Наурыз мерекесі ерекше аталып өтті. Оқушыларымыз жаңару күніне мерекелік шара ұйымдастырып, салт-дәстүрімізді терең меңгергенін көрсетті. Мектептегі өнерлі өрендер ән мен биден шашу шашты. Оқушылар асық ату, арқан тартудан бақ сынасты. Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде әлі де тойлануда. Әріптестерімізді, ата-аналарды, шәкірттерімізді ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз.
«КҮЙ КҮМБІРІ” Республикалық домбырашылар челленджі өтті.
20
March
2025
«КҮЙ КҮМБІРІ” Республикалық домбырашылар челленджі өтті.
[media=https://youtube.com/shorts/fFOc2ZHGGbY?si=Lxd_9sJEp7yvefLu]2025 жылғы 20 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де мектебімізде Наурыз мерекесіне арналған «КҮЙ КҮМБІРІ” Республикалық домбырашылар челленджі өтті. Dombra-challenge-дің мақсаты – өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу, ұлттың мәдени мұрасын сақтау және тарату, дәуірлік аспап – домбырада ойнауды кеңінен насихаттау.
"Әз-Наурыз» мерекелік ұлттық ойындар сайысы өтті
20
March
2025
"Әз-Наурыз» мерекелік ұлттық ойындар сайысы өтті
2- сыныптар арасында "Әз-Наурыз» мерекелік ұлттық ойындар сайысы өтті. Сыныптағы барлық бала ойындарға қамтылды.  «Қол күрес»,«Арқан тартыс»,«Асық ату»,«Ақсерек көксерек»  ойындары ойналды.«Қара жорға» сергіту сәті жасалды.
«Екі жұлдыз» - мектепішілік мұғалім мен оқушы арасында ән байқауы өтті.
20
March
2025
«Екі жұлдыз» - мектепішілік мұғалім мен оқушы арасында ән байқауы
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, наурыз мерекесінің жоспарына сәйкес 2025 жылдың 20 наурыз күні «Екі жұлдыз» - мектепішілік мұғалім мен оқушы арасында ән байқауы өтті. «Екі жұлдыз» - ұстаз бен оқушыларға  ән айтуды үйрететін, патриоттық тәрбие беретін жоба. Жобада 6 жұп қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Осындай байқауға қатысып,өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттерін көрсеткендері үшін мұғалімдерімізге алғыс айтамыз!
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее