«Салауатты өмір салты» күні
2-күн. 30 қазан – «Салауатты өмір салты» күні Бұл күні оқушылардың бой жазу жаттығулары мен «Денсаулық – зор байлық» атты танымдық әңгіме ұйымдастырылды. Мектеп мейірбикесі мен дене шынықтыру мұғалімінің басшылығымен спорттық жарыстар мен «Біз спорты жақсы көреміз!» атты флешмоб өтті. Балалар белсенді қатысып, өздерінің спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Мектеп психологы балалар арасында көңілді ойындар өткізіп, уақыттары пайдалы өткізуге белсене жұмыс жүргізді.