«Ахмет- ұлт ұстазы» кинофильмі көрсетілді.
10 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері онкүндігінің жоспарына сәйкес жоғары сынып оқушыларына «Ахмет- ұлт ұстазы» кинофильмі көрсетілді. Ұлт тарихын таныту үшін – Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқы үшін атқарған еңбегін оқушылар көзбен көріп, тереңірек түсінеді. «Ахмет – ұлт ұстазы» фильмін көрсету – тек бір тұлғаның өмірін таныстыру емес, ол – оқушы бойына ұлттық сана, рухани құндылықтар мен елдік идеяны дарытудың құралы.