Республикалық жобалар » Страница 60 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

«Талабың таудай болсын!»
29
март
2021
«Талабың таудай болсын!»
Пластик бөтелкелерді қоқысқа лақтырмай, оларға екінші өмір сыйлауды жақсы көретін оқушылардың бірі – Ануарқызы Жанерке. Ол өз қиялымен бөтелкелерден түрлі ойыншықтар жасайды.  Оларды әшекейлеп,  үйіне келген қонақ балаларға сыйлауды әдетке айналдырған. Жанерекенің бұндай шеберлігіне елдің бәрі риза. Жанеркеге: «Талабың таудай болсын!» -дейміз.
Қақпақтардың екінші өмірі
29
март
2021
Қақпақтардың екінші өмірі
Қажет емес заттарға екінші өмір сыйлау - бұл шығармашыл адамдар ұраны. Оларды ешқашан тастамайды және оларды түрлендіруге тырысады. Кейбір заттар балалар қолөнеріне жарайды, басқалары интерьерді безендіреді, кейбірінің практикалық маңызы бар. «Күнделікті сүт қораптарынан қалған қақпақтарды да практикада қолдануға болады. Қолдан жасалған бұл көрнекі құрал оқушыларға көбейту кестесін шапшаң жаттауға көмегін тигізеді. Балалар көзбен көргенін тез есте сақтайды. Сондықтан осындай құрал дайындап,
Магнит көбелек
29
март
2021
Магнит көбелек
1"В" сынып оқушысы Самарханова Айерке пластикалық бутылканы қолданып, тұрмыс қалдығына екінші өмір сыйлады. Ол бутылкадан көбелек жасады. Ол көбелекті түрлі мақсатта қолдануға болады: заколка ретінде, кеудеге тағатын әдемі түйрегіш, холодильникке жабыстыратын магнит. Оған керекті заттар: пластикалық бутылка, клей, жылтырақтар, лак, магнит. Айерке холодильникке жабыстыратын магнит жасап, туындысын көпшілікке көрсетті. Сыныптас достары Айеркеден үлгі алады деген ойдамыз.
Пайдалы зат жасау
29
март
2021
Пайдалы зат жасау
1"В"сынып оқушысы Аманғазы Арсен қалдық заттарды қоқысқа тастамай, оларға  екінші өмір сыйлауға болатыны жайлы сыныптастарымен бөлісті. Босаған сұйық сабын құтысынан қарындаш, қалам, фломастер және т. б. құралдарды салатын ыдыс жасауға болады. Ол үшін пайдаланған заттары: сұйық сабыннан босаған құты, майонез шелегінің қакпағы. Құтыны екіге бөліп, астына майонездің ыдысынан қалған қақпағын тұғыр ретінде қолданды. Сыртын ыстық желімді қолдана отырып, қолда бар заттармен әдемілеп безендірді.
"Әкеммен кітап оқу қандай тамаша" жобасы
27
март
2021
"Әкеммен кітап оқу қандай тамаша" жобасы
3"А"сынып оқушысы Ныгметулла Наргиза қызымыз әкесімен бірге "Әкеммен кітап оқу қандай тамаша" жобасына қатысты.Наргизаға әкесімен бірге кітап, журнал оқу ерекше әсер  қалдырды .Онда әпкелеріне қарап бауырларының да кітапқа деген құрмет,қызығушылықтары арта түсті.Әрқашан осындай тәрбиесі мол жобалар бола берсе екен.Рахмет, Сіздерге!
Кітап оқуға құштармын!
26
март
2021
Кітап оқуға құштармын!
«Кітап-білім бұлағы» демекші, осы көктемгі демалыс уақытында 5 «Б» сынып оқушылары мектеп кітапханасына барып, кітапханашы Мира Сұртаевнадан кітаптар жайлы қысқаша мәлімет ала отырып, өздеріне ертегі, аңыз әңгімелер, қисса- дастандар, тұрмыс –салт жырларынан тұратын кітаптарға қызығушылық танытып, демалыс уақытын тиімді өткізу үшін үйге оқуға алды. Сынып бойынша 23 оқушы. Мектеп кітапханасынан 15оқушы түрлі жанрдағы кітаптарды алған. Болашақта да кітапханамен жұмыс жасау өз жалғасын табады.
Әлеуметтік желілер арқылы экологиялық мәселелерді насихаттау
26
март
2021
Әлеуметтік желілер арқылы экологиялық мәселелерді насихаттау
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер кез келген мәселелерге адамдардың назарын аудартуда, көзқарастарын өзгертуде маңызы зор. Осыған орай мектеп инстаграм парақшасы арқылы қалдықтардың ыдырауы туралы викториналық сұрақтар ұсынылды. Мақсаты: қалдықтардың қоршаған ортаға зияны туралы адамдардың қаншалықты деңгейде білетінін анықтау.  Қалдықтар туралы осы төрт фактінің ішінен жалған біреуін табыңыз.  1. Тасталған 1 батарея 20 шаршы метр жерге немесе 400 литр суға «жұғуы» мүмкін.  2. Суға лақтырылған
Қаптама туралы қаншалықты жиі ойлайсыз?⁣⁣
26
март
2021
Қаптама туралы қаншалықты жиі ойлайсыз?⁣⁣
Қаптаманың экологиялық тазалығына қатысты мәселе өте күрделі, мұнда өнімнің құрамына қарағанда күрделірек, өңдеу мүмкіндігін ғана емес, әртүрлі факторларды да ескеру қажет.⁣ Мысалы, әйнек, ол экологиялық таза, бірақ өте ауыр және сынғыш.⁣ Ал қағаз, бір қарағанда, ең жақсы болып көрінеді, бірақ егер сіз ойлана бастасаңыз, онда сіз оны өндіруге қанша ресурстар кететінін көресіз және ол планетаға полигондарда жатып, әртүрлі зиян келтіре алады.⁣ Қаптаманың ең экологиялық таза слабовидящих қайта
«Әкеммен кітап оқу қандай тамаша!»
26
март
2021
«Әкеммен кітап оқу қандай тамаша!»
Қазіргі кезде балалардың кітап оқуы төмендеп барады. Сондықтан мектебімізде ұйымдастырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы балаларды кітап оқуға баулуға көп көмегін тигізбек. 3 «В» сынып оқушылары да қалыс қалмай,«Әкеммен кітап оқу қандай тамаша!» іс-шарасына үлес қосып, әкелерімен кітап оқуда. Демалыс уақытын пайдаланып, Бектурсын Еркежан, Асқар Еламан,Жеңісова Назерке, Садық Әлинұр, Жұмаш Айару әкелерімен бірге ертегі кітаптарын, «Балдырған» журналындағы әңгімелерін оқуда. Демалысты
Бейсенбі ертегілері
25
март
2021
Бейсенбі ертегілері
«Отбасылық оқу» сағатына 2 «А» сынып оқушысы Ерсайынова Амина да көптен қалмай белсенділік танытты. Ұлы  Абай атамыз айтқандай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» дегендей Амина кітап оқуға ерінбейді. Үйіндегі барлық кітаптарды қайталап оқығаннан әсте жалықпайды. Оқыған әңгіме, ертегілерін әңгімелеп көпшілікпен бөлісе өз достарын кітап оқуға шақырады. ​https://youtu.be/yS4YG7x6ew4​​​
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее