“Біз командамыз” атты тренинг өткізілді
11.11.2025 ж. Педагогикалық-психологиялық қолдау апталығы аясында бастауыш сынып оқушыларының өзара достық қарым-қатынасын, бір-біріне деген сыйластық пен ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2-сынып оқушыларымен “Біз командамыз” атты тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – балалардың бір-бірімен тату, ұйымшыл болуына, өз ойын еркін жеткізе білуіне және сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал ету. Іс-шара барысында оқушылар сергіту жаттығуларына қатысып, түрлі топтық