Материалы за 10.06.2022 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

«Қыз бала тәрбиесі» тақырыбында 2«А» сынып оқушысы Талғат Ясмин.
10
июнь
2022
«Қыз бала тәрбиесі» тақырыбында 2«А» сынып оқушысы Талғат Ясмин.
Ата - ана шеберлігі институты жобасы аясында «Қыз бала тәрбиесі» тақырыбында 2«А» сынып оқушысы Талғат Ясмин домшаруасындағы анасынан алған тәлім тәрбиесімен  бөлісті. Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.
Математика сабағы
10
июнь
2022
Математика сабағы
10.06.2022ж. 5-сыныптарда «Ондық бөлшекті натурал санға көбейту»  тақырыбында сабақ өткізілді. Негізгі мақсат: бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау дағдыларын дамыту болды. Тақырыпты ашу мақсатында "Светофор" ойыны жүргізілді. Әрбір оқушы бір-біріне ондық бөлшектерді көбейтуге байланысты есептер құрастырды. Дұрыс шығаруына байланысты қызыл, сары, жасыл түсті деңгейлерден өтті. Тақырыпты түсінбеген жағдайда, бір-біріне тапсырманы орындай отырып көмектесті. Мұғалімі:
Білімді толықтыру
10
июнь
2022
Білімді толықтыру
10.06.2022ж. 3-сыныптарда математика пәнінен алған білімдерін толықтыру, жетілдіру мақсатында «Фигуралар сыры» тақырыбымен ойын сабақ өтті. Жазғы мектепте білім алушы оқушылар қызығушылықпен белсене қатысты. Ойынды біліммен ұштастырды. Мұғалімі: Ж.Б.Ақылова.
Кітапханадағы сабақ
10
июнь
2022
Кітапханадағы сабақ
10.06.2022ж. 5-сыныптағы қазак тілі сабағы «Менің кітапханам» тақырыбымен мектеп кітапханасында өткізілді. «Сан есімнің мағыналық түрлері» тақырыбы пысықталып, айтылым, тыңдалым  дағдысын қалыптастыру мақсатында жаттығулар орындалды. Окушылар   кітапхана жайлы мол мағлұмат алды. Кітапханадағы кітап қоры,  қанша кітап бар?, кітаптар қалай жиналады?, сөреге калай койылады? деген сурактарға жауап алды. Кітапханашы – Мира Сұртаевнаның берген мәліметтерін мұқият тыңдап, сабак барысында қолданды.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее