Материалы за 01.10.2021 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"Қарттарым- асыл қазынам" тақырыбына 1"б" сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.
01
октябрь
2021
"Қарттарым- асыл қазынам" тақырыбына 1"б" сыныбында тәрбие сағаты
"Қарттарым- асыл қазынам" тақырыбына 1"б" сыныбында тәрбие сағаты өткізілді. Қонаққа мектебіміздің ұлағатты ұстазы, әрі апамыз Карменова Галина Нұраждарқызы шақырылды. Ол кісі өз өмірінің шуақты сәттерін айта отырып, балаларды үлкендерді сыйлауға, еңбекқорлыққа насихаттады. Балалар қонағымызға тақпақтарын арнап, гүл сыйлады.
Қарттарымыз әрқашанда аман болсын!
01
октябрь
2021
Қарттарымыз әрқашанда аман болсын!
"Қарты бар үйдің қазынасы" бар демекші 1"А" сынып оқушылары   сыныбымыздағы Айгерімнің ата әжесін қарттар күнімен құттықтап, тілектерін білдіріп қайтты. Қариялар шын көңілдерімен ризашылықтарын білдіріп , бата берді. Қарттарымыз әрқашанда аман болсын!
"Қарты бар елдің қазынасы бар" атты тәрбие сағаты өткізілді
01
октябрь
2021
"Қарты бар елдің қазынасы бар" атты тәрбие сағаты өткізілді
1-қазан "Қарттар мерекесіне" орай 2 "Б" сыныбында Қарты бар елдің қазынасы бар атты тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:  Оқушыларымызды үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу; Қарияларымыздың ақыл-өсиеттері арқылы жігерлі, қайратты болуға, еңбекқорлыққа баулу. Тәрбие сағатына 2-ші сынып оқушысы Динаның атасы Максұтқан Айтқалиұлы шақырылды. Ата өзінің өмір тарихымен бөлісіп, ал оқушылар болса атаға тақпақтарын айтып, тілектерін білдірді.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее