Республикалық жобалар » Страница 48 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Экологиялық жазғы экспедиция  табиғатты зерттеудің тиімді жолы.
19
ноябрь
2021
Экологиялық жазғы экспедиция табиғатты зерттеудің тиімді жолы.
            Қараша айының 19 күні «Менің эко мектебім» республикалық жоба аясында №3 мектеп –кешенінде мұғалімдерге арналған шебер-сынып өткізілді. Шебер сынып тақырыбы «Экологиялық жазғы экспедиция бағдарламасының презентациясы». Мақсаты: экологиялық білімді сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүзеге асыру жолдарымен таныстыру. Іс шара барысында мұғалімдермен жалпы авторлық бағдарламалар құрылымы талқыланды, өз ойларымен бөлісті. Заманауи талаптар төңірегінде сұрақтар талқыланды. Биология пәні
Республикалық ашық Эко сабақ өтті.
19
ноябрь
2021
Республикалық ашық Эко сабақ өтті.
2021 жылғы 19 қарашада ҚР экология,геология және табиғи ресурстар министрі С.А. Беркешев, "ӨКМ Операторы" ЖШС Басқарма төрағасы М. К. Құмарғалиевтың қатысуымен "Экологиялық сауаттылық - болашақтың негізі" атты республикалық ашық сабақ өтті. Нұр-сұлтан, Қарағанды және Семей қалаларының оқушылары өз ойларымен бөлісіп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Семей қаласы бойынша №3 мектеп –кешенінің оқушылардан құралған эковоллентерлері қатысты. Олардың экологиялық сұрақтарына түсініктеме берілді:
"Кітап оқуға шақырамыз" акциясы жалғасын табуда.
15
ноябрь
2021
"Кітап оқуға шақырамыз" акциясы жалғасын табуда.
Кітапханаға келіп, оқыған кітаптарымен ой бөліскен оқушылар 4 в сынып оқушысы Рахимбаева Аяулым өзі оқыған "Етік киген мысық" ертегісімен. "Айлакер қасқыр" ертегісін оқып, балаларға ұсынған 2"а" сынып оқушысы Шарипхан Досхан.  
Кітап оқимыз
12
ноябрь
2021
Кітап оқимыз
        Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары  « Каникулда кітап оқимыз »  республикалық марафонына белсене қатысты. Сайтқа тіркеліп, ұсынылған кітаптарды оқыды. 2-4 сынып оқушыларына ұсынылған Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері, Х.К.Андерсен Таңдаулы ертегілерін оқып, оқыған шығармалары бойынша сыныптастарына кері байланыс жіберіп отырды. Әр шығарманың кейіпкерлерін атап, ойға түйгендерін жазба түрінде және видео түрінде жолдап отырды. Белсенділік көрсетіп, жақсы ойларымен үнемі бөлісіп
"Кітап оқуға шақырамыз" атты акция
12
ноябрь
2021
"Кітап оқуға шақырамыз" атты акция
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында оқырмандардың оқыған кітаптары жайлы " Кітап оқуға шақырамыз" атты акция басталды.Мақсаты:оқырмандардың оқуға қызығушылығын арттыру.Осы акцияға қатысқан 2"а" сыныбы оқушысы Демежан Ақгул және 3"г" сынып оқушысы Қабдиев Әмір өз оқыған кітаптарын ұсынды.
Балалар жазушысы М. Әлімбаев
08
ноябрь
2021
Балалар жазушысы М. Әлімбаев
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханасы, каникул күндерінде кітапханаға келген балаларға, балалар жазушысы М.Әлімбаевтың шығармашылығымен таныстырып, әңгімелерін үзіліспен  оқытты.Қорытындысында жазушының "Епті кім?" әңгімесін  оқып, талқылады
"Сиқырлы қаламмен оқу" атты кітап көрмесі ұйымдастырылған
02
ноябрь
2021
"Сиқырлы қаламмен оқу" атты кітап көрмесі ұйымдастырылған
" Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында "Сиқырлы қаламмен оқу" атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.Сиқырлы қаламмен оқитын 12 кітаптан тұратын бұл жинақта халқымыздың жыр дастандары, ән- күйлері мен аңыз - әңгімелері, шешендік сөздері мен бата - тілектері еніп отыр. Кітаптар, "сиқырлы қаламмен" оқуға болатындықтан, жинаққа енген күйлер мен жырларды, берілген әндердің музыкасымен тыңдауға құмартқан оқушылардың қызығушылығын тудыруда.
"Аңыз бенен ертегі еліктіре ертеді" атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды
01
ноябрь
2021
"Аңыз бенен ертегі еліктіре ертеді" атты кітапханалық сабақ
"Оқуға құштар мнктеп" жобасы аясында" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында "Аңыз бенен ертегі еліктіре ертеді" атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды.Оқырмандарды ертегідегі кейіпкерлердің рөлінде ойната отырып, тіл байлықтарын дамыту мақсатында 3D кітабын пайдалана отырып ойын түрінде өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары бұл сабақты жақсы көңіл күйде атқарып, нәтижесінде оқырман болып   тіркеліп, үйге оқығанға ертегілер жаздыртып алды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
28
октябрь
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "3ЖОББМК" кітапханасында 10"Б" сынып оқушыларымен дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың 110 жылдығына байланысты " Өзге емес,өзім айтам өз жайымды" атты поэзиялық сағат өтті.Оқушылар ақынның өмір жолымен танысып,өлеңдерін оқыды.
"Даналық әліппесі" атты кітапханалық сабақ
26
октябрь
2021
"Даналық әліппесі" атты кітапханалық сабақ
" Оқуға құштар мектеп" жобасы" аясында" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында 1" б" сынып оқушыларымен " Даналық әліппесі" атты кітапханалық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты:  Халқымыздың жыр дастандарын, ән - күйлері мен аңыз - әңгімелерін, шешендік сөздері мен бата - тілектерінен тұратын, " сыйқырлы қалам" мен оқылатын шығармалар еніп отыр. Оқушылар " сыйқырлы қаламды" қолданып ертегі оқып, ән, домбырамен орындалған күйлерді тыңдады
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее