Республикалық жобалар » Страница 47 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

" Кел, балалар оқылық" атты оқу сағаты өтті.
03
декабрь
2021
" Кел, балалар оқылық" атты оқу сағаты өтті.
" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ нің кітапханасында тұңғыш ағартушы, педагог - жазушы Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты " Кел, балалар оқылық" атты оқу сағаты өтті. Мақсаты: Жазушы әңгімелеріндегі адам бойындағы адалдықты, еңбекке тәрбиелеуді оқырман бойына сіңіру. 6"а" сынып оқушылары " Әдеп" әңгімесін сахналап оқырманға ұсынды.Кейіпкерлерді орындағандар Әкім - Кикимова Н. Мұжық- Қайырбекова.Ә, Бай - Есетова І, автор - Амангельдиева Н.белсенділік танытты.
"Оқуға құштар мектеп"  жобасы аясында
03
декабрь
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
"Оқуға құштар мектеп"  жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" КММ нің кітапханасында "Кітап оқуға шақыру" акциясы ұйымдастырылған. 4"в" сынып оқушысы Бектұрсын Еркежан  өзі оқыған "Таңғажайып глобус" кітабын ұсынса, 4"б " сынып оқушысы Боркова Виктория "Аяз бен қоян" ертегісін ұсынды. Ал 4"а" сынып оқушысы Болат Ерали өзі оқыған "Холли ана" ертегісімен балаларды кітап оқуға  шақырды.
Кітап көрмесі
29
ноябрь
2021
Кітап көрмесі
Мектеп кітапханасында 25-  30 қараша күндер аралығында Тұңғыш Президент күніне орай 'Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" кітап көрмесі ұйымдастырылған. Мақсаты: Елбасының өмір жолы мен еңбектерін таныстыру. Кітапханашылар Байелова М.С мен Қыдырманова С.К көрме жанында кітаптарға библиографиялық шолу өткізді.
"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
25
ноябрь
2021
"Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды
" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММнің кітапханасында 1 -желтоқсан Тұңғыш Президент күніне байланысты "Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектері мен өмір жолына арналған әдебиеттермен танысты. Кітап көрмесінде оқырмандарға Елбасының шығармаларынан бөлек, ақын - жазушылардың Елбасыға арналған "Жүректен жеткен жырлар", "Жыр арқауы Елбасы", Тұлға туралы толғамдар", "Назарбаевтай болғым келеді"
"Кітап оқуға шақырамыз! акциясы жүріп жатыр.
23
ноябрь
2021
"Кітап оқуға шақырамыз! акциясы жүріп жатыр.
" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ нің кітапханасында "Кітап оқуға шақырамыз! акциясы жүріп жатыр. Мақсаты оқуға қызығушылықтарын арттыру арқылы тіл байлықтарын дамыту. 9"в" сынып оқушысы Рахымбаев Айдос өзі оқыған С.Мұратбековтың "Жабайы алма" шығармасын оқырмандарға ұсынса, 3"г" сынып оқушысы, кітапхана белсендісі Баубек Амантайұлы "Хан Шалқан " ертегісін оқып, балаларды кітап оқуға шақырды.Ал 2"а" сынып оқушысы Болат Әли " "Тайбурылдың шабысы" жырын жатқа айтып берді.
«Кітап досың серігің»
19
ноябрь
2021
«Кітап досың серігің»
  Мектебіміздің  3 «А» сынып оқушысы Болатбек Абду – Ахмет күзгі каникул кезінде көбіне Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқығандығын айтады. «Бір уыс мақта», «Екі дос» т.б. әңгімелерін ерекше қызықты әсермен ой бөліседі. Абду – Ахмет ендігі уақытта үнемі кітаппен дос болатындығы және де, көп оқу керектігін айтып өз достарын кітап оқуға шақырады.
«Кітап досың серігің»
19
ноябрь
2021
«Кітап досың серігің»
  Мектебіміздің  3 «А» сынып оқушысы Болатбек Абду – Ахмет күзгі каникул кезінде көбіне Ы. Алтынсариннің шығармаларын оқығандығын айтады. «Бір уыс мақта», «Екі дос» т.б. әңгімелерін ерекше қызықты әсермен ой бөліседі. Абду – Ахмет ендігі уақытта үнемі кітаппен дос болатындығы және де, көп оқу керектігін айтып өз достарын кітап оқуға шақырады.
«Күзгі каникулда кітап оқу»
19
ноябрь
2021
«Күзгі каникулда кітап оқу»
  3 «а» сынып оқушылары Серік Раяна мен Жасұланқызы Амина күзгі каникулда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында республикалық «Каникулда кітап оқимыз» марафонына белсене қатысқан оқушылар. Раяна мен Амина демалыс уақытын тиімді пайдаланып, кітап оқуға арнағанын айтады. Әр оқыған қызықты ертегілері мен әңгімелерінен түйген ойларымен өз достарымен бөлісті. - Көп оқыған бала көп біледі дейді Раяна мен Амина. Оқыған кітаптарынан өздері кітап оқу күнделіктерінде жүргізген. Осындай пайдалы іспен
«Оқуға құштар бала»
19
ноябрь
2021
«Оқуға құштар бала»
Мектебіміздің  3 «А» сынып оқушысы Саятов Есіл күзгі каникулды өзіне пайдалы өткізді. Есіл республикалық «Кітап оқу» марафонына белсене қатысқан оқырманның бірі. Ы. Алтынсариннің әңгімелері мен Х.К. Андерсеннің ертегілері өте қатты ұнаған екен. Есіл өзіне көп тәрбиелік мәні бар оқыған шығармалары жөнінде достарымен бөліскенді жөн көріпті.
«Каникулда кітап оқу»
19
ноябрь
2021
«Каникулда кітап оқу»
   Мектебіміздің  3 «А» сынып оқушысы Дәулетқызы Айзере күзгі каникул кезінде республикалық «Каникулда кітап оқимыз» марафонына қатысқан белсенді оқырман. Айзере сол оқыған кітаптарының қызықты, оқиғаларымен оқырманның назарын өзіне тартатындығын көпшілікпен бөліскенді жөн көрді. Әр оқыған кітаптарының қысқаша мазмұны мен кейіпкерлерін суреттеп өзінің оқырман күнделігі дәптеріне де жазып қойған.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее