Ақпарат » Страница 182 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

ЭВМ бағдарламалары, авторлық құқық алудың ерекшеліктері бойынша тәжірибе
30
март
2022
ЭВМ бағдарламалары, авторлық құқық алудың ерекшеліктері бойынша
2022 жылдың 29 наурыз күні «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ – не мектептің информатика мұғалімдеріне Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің "Физика-математика және информатика ғылымдары кафедрасының" магистр, аға оқытушысы Рахматуллина Зарина Талгатовна ЭВМ бағдарламалары, авторлық құқық алудың ерекшеліктері бойынша тәжірибесімен бөлісті. Практикалық негізде бағыт бағдар алып отыру үшін алдағы уақытта да жұмыс жүргізуге келісілді.
«Тәжірибеге бағытталған тәсіл- оқушылардың интеллектуалды потенциалының дамыту құралы» атты коучинг өтті
29
март
2022
«Тәжірибеге бағытталған тәсіл- оқушылардың интеллектуалды
№3 жалпы орта білім беретін мектепте коучинг өтті Әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес, «Даму қадамы» жобаны жүзеге асыру барысында Семей қаласының №3 ЖОББМК 29 наурыз күні «Тәжірибеге бағытталған тәсіл- оқушылардың интеллектуалды потенциалының дамыту құралы» атты коучинг өтті. Мақсаты: Оқыту сапасын жақсарту үшін «төңкерілген сынып» әдісі туралы толық түсінік қалыптастыру. Өткізген мектеп тренері Нугуспанова Ш. Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін дамытуға, білімді іздеуді ұйымдастыруға
"Балдаурен" мектепішілік лагер аясында "Трендтағы билер" күні
29
март
2022
"Балдаурен" мектепішілік лагер аясында "Трендтағы билер" күні
"Балдаурен" мектепішілік лагер аясында "Трендтағы билер" күні өтті. Мақсаты: Музыкалық ырғақты қарқынды сезінуді, биді мәнерлі орындауды, олардың жекелеген элементтерін меңгеруді; Әдемі жүріс-тұрыс, дене сымбаттылығын, ептілікті қалыптастыруды, мәнерлі дене қозғалысы мен қалпын ұстауды; Балаларды ұялшақтықпен бұйығылықтан арылтуды; Басқалардың жетістігіне қуануды, ортақ табысқа өз үлесін қоса білуге үйретуді.
Семей қаласының НЗМ қосымша білім беру педагогі  Анибаев Серик Мұқатаевичпен зерттеу жұмыстары бойынша кездесу өтті
29
март
2022
Семей қаласының НЗМ қосымша білім беру педагогі Анибаев Серик
2022 жылдың 29 наурыз күні «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ – не мектеп мұғалімдеріне Семей қаласының НЗМ қосымша білім беру педагогі  Анибаев Серик Мұқатаевичпен зерттеу жұмыстары бойынша кездесу өтті. Бүгінгі күннің өзекті проблемалары,  оны зерттеудің тиімді жолдары, оқушылардың ғылыми зерттеуін ұйымдастыруды  негізге алатын басымдылықтар жайлы мектеп ұстаздарымен пікір алмасты. Практикалық негізде бағыт бағдар алып отыру үшін алдағы уақытта да жұмыс жүргізуге уағдаласты.
Квест ойыны
29
март
2022
Квест ойыны
          29 наурыз күні бастауыш сыныптар арасында "Ойлан. Ізде.Тап" тақырыбымен  квест ойыны ұйымдастырылды.  Қатар сыныптар үшін бір мезетте өткізілді. 2-сыныптардан 3 топ, 3-сыныптардан 4 топ, 4-сыныптардан 3 топ өзара тартысқа түсті. Ойынның мақсаты: қатысушыларды ұйымшылдыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге бағыттау; проблемалық мәселелерді оңай және жылдам шешуге, топта жұмыс жасауға және өзіндік пікірді дамытуға баулу болды. Квест ойыны арқылы оқушының мінезін анықтауға болады.
Интеллектуалдық ойынның кезекті саны
28
март
2022
Интеллектуалдық ойынның кезекті саны
       Әр кезең сайын қатысушылары ауысып отыратын, «Алтын ұрпақ» интеллектуалдық сайысына 2-4 сынып оқушылары белсенділікпен қатысуда. Оқу үрдісінде жинақтаған білімдерін өмірде қолдана білуге баулитын бұл ойынның білім алушылар үшін берері мол. Көктемгі демалыс кезінде өткізілген кезекті санына да оқушылар қызыға қатысты.
«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойыны 3-сыныптарда
28
март
2022
«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойыны 3-сыныптарда
        Көктемгі демалыс уақытында мектебімізде «Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды. Мақсаты: каникул уақытында оқушы демалысын тиімді   ұйымдастыру. Қызықты тапсырмалар арқылы оқушыларды  ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа,тәрбиелей отырып белсенділіктерін арттыру.         Ойын шарты бес кезеңнен тұрды. Әр кезеңнің тапсырмалары оқушылардың ой-өрістерін кеңейтуге негізделді. Қатысушылар 4 топқа бөліну арқылы берілген тапсырмаларды қызыға орындады.         Практикалық кезеңде
4-сыныптар арасындағы «Алтын ұрпақ» ойыны
28
март
2022
4-сыныптар арасындағы «Алтын ұрпақ» ойыны
         28 –наурыз күні 4 сыныптар арасында «Алтын ұрпақ» интеллектуалдық  сайысы өтті. Сайысқа оқушылар белсенділікпен қатысты.  1 тур – «Тез ойла!» Сұраққа жылдам жауап берді  2 тур- «Тұлғаны тани біл!»  Атақты тұлғалар жайлы білімдерін ортаға салды. 3 тур- «Сөз мәйег і» .Мақалдың жалғасын тауып ,  тіл шеберлігін көрсетті. 4 тур- «Тауып көр». Санға қарап, сол санмен байланысты мағлұматтарды айтты. 5 тур – «Кім жылдам?» 1 минут ішінде берілген сөзден бірнеше сөз құрап жазды. Оқушылар демалыс
"Алтын ұрпақ" интеллектуалдық ойыны
28
март
2022
"Алтын ұрпақ" интеллектуалдық ойыны
Мектебімізде 2-сыныптар арасында "Алтын ұрпақ" интеллектуалдық ойнының кезекті айналымы өтті. Ойын оқушылардың өз бетінше ізденуіне, ойларын еркін жеткізе білуге, ойлау қабілетін, тілін дамыту мақсатына негізделген. Ойынға қатысушылар 3 топқа бөлініп, 6 кезең бойынша сайысты. Балалар ойынның әр кезеңдерінде ойларын жинақтап, игерген білімдерін қолдана білді. Әсіресе, "Тұлғаны тани біл" кезеңінде оқушылар образға еніп, ерекше қызығушылықпен орындады.  Әр топ ойын арқылы өз белсенділіктерін
“Жастарды қолдау” тақырыбында кездесу
28
март
2022
“Жастарды қолдау” тақырыбында кездесу
Мектебіміздің өзін - өзі басқару ұйымына арналған тренинг курсы аясында Әлихан Бөкейханов Университетінің Жастарды ұйымдастыру және әдістемелік жұмыс жөніндегі департаменттің маманы, "Аманат" партиясының, Семей қалалық маслихатының депутаты Әліби Абдураймовпен “Жастарды қолдау” тақырыбында кездесу өтті. Мақсаты: Балалардың білімге құштарлығын арттыру, өзін – өзі басқару жұмысына жетелеу, ұжымдық жауапкершілікті сезіне білуге қалыптастыру. Оқушының дүние танымын, жан – жақты ойлау қабілетін, ой
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее