Ақпарат » Страница 174 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Нашар көрушілер
нұсқасы

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Физикалық тәжірибе
06
июнь
2022
Физикалық тәжірибе
Жазғы мектеп аясында 7- сынып оқушыларымен физика пәні бойынша тәжірибе жасады. Тәжірибенің мақсаты:  судың тығыздығын өзгерту арқылы, дененің жүзу шарттары бойынша Архимед заңын орындау. Кұрал жабдықтар:  екі стакан су , жұмыртқа және тұз. Жұмыс барысы: дененің жүзу шарттары бойынша ауырлық күші мен  Архимед заңын салыстыру арқылы жай суда болғанда жұмыртқа тығыздығы су тығыздығынан артық болды.  Суға жұмыртқа батты ,  яғни ауырлық күші басымырақ болды.   Ал, тұзды су кезінде су тығыздығы
Ағылшын тілі пәнінен 1 сынып оқушыларымен
06
июнь
2022
Ағылшын тілі пәнінен 1 сынып оқушыларымен
 «Numbers» тақырыбын қайталау сабағы өткізілді. Сабақ барысында АКТ қолданылды және оқу мен жазуға арналған таратпа материалдар берілді. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, қызығушылықтарын арттыру үшін «Flower», «Hop»  ойындары ойнатылды. Пән мұғалімі: Н. Раева.
"Ізімізді қалдырамыз"
06
июнь
2022
"Ізімізді қалдырамыз"
Жазғы мектептің 1 сынып оқушыларымен түрлі ойындар ойната отырып,  ана тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша білім, білік, дағдылары  сараланды.  "Ізімізді қалдырамыз" ойыны арқылы оқушылар өткенді пысықтады,  білімдерін  бекітіп ,  қорытындылады.  Ойын мен оқуды ұштастыра отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік жасалды. 
Мектеп жанындағы "БАЛДАУРЕН" жазғы  лагер оқушылары "Ертегілер әлеміне саяхат"  тақырыбында ертегі қойды.
06
июнь
2022
Мектеп жанындағы "БАЛДАУРЕН" жазғы лагер оқушылары "Ертегілер
Мектеп жанындағы "БАЛДАУРЕН" жазғы  лагер оқушылары "Ертегілер әлеміне саяхат" тақырыбында кітапханада ертегі оқып, сол ертегіні өзара сахналап, мазмұнымен бөлісті. Мақсаты: Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу. Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету.
4 маусым ҚР Рәміздеріне- 30 жыл толуына орай қашықтықтан суреттер көрмесі өтті.
04
июнь
2022
4 маусым ҚР Рәміздеріне- 30 жыл толуына орай қашықтықтан суреттер
4 маусым ҚР Рәміздеріне - 30 жыл толуына орай 5-7 сынып оқушыларының қатысуымен қашықтықтан суреттер көрмесі өтті. Мақсаты: 1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау; 2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту; 3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының
"Мінез-құлқыңа баға бер"
03
июнь
2022
"Мінез-құлқыңа баға бер"
03.06 .2022ж.   күні мектеп психологтары жазғы мектептің 5- сынып оқушыларына "Өзін-өзібағалау", "Мінез-құлқыңа баға бер" тақырыбында сауалнама өткізді. Балалардың   өзін-өзі   бағалау   деңгейі нің   жоғары   екендігі   байқалды.   Өзін бағалауға байланысты танымдық видео көрсетіліп, бағалау кезінде ескеруге тиісті адами қасиеттер туралы ой қозғалды.  "Менің жақсы қасиеттерім" атты ойыны жүргізілді. Оқушылар   өз   белсенділіктерін   көрсете   білді, жағымды ой түйіп тар қасты.
Білімді тәжірибемен ұштастыру
03
июнь
2022
Білімді тәжірибемен ұштастыру
Жазғымектеп те білім алып жатқан  5-сынып оқушыларыағылшынтілінен  алған білімдерін бекіту мақсатында  Каникулы OFF-LINE шығарушыларыұсынған “AOOL HOUSE” фильмінтамашалады.  Мақсаты: оқушылардың  ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, достық қарым-қатынастарын нығайту, білімді тәжірибемен ұштастыру, танымдық дағдыларын тереңдету.
"Кураторлық әдістеме"
03
июнь
2022
"Кураторлық әдістеме"
2021-2022 оқу жылының екінші жартысында  1"А" және 1"Б" сыныптары арасында "Кураторлық әдістеме" технологиясы бойынша жұмыс жүргізілді. Басты мақсат –  ұстаздардың өзара тәжірибе алмасуы, "сыныпты көру", оқу мақсатына қол жеткізу үшін барлық баланы қамту, білімді оңтайлы меңгеруге қолжетімділік,  сапасын арттыруға   мүмкіндік.   1"А" және 1"Б" сыныптарында математика, ана тілі, дүниетану, жаратылыстану,  «Қорытынды сабақ» (ана тілі) пәндерінен өткізілді. Сабақ жоспарлары оқу бағдарламасына сай
"Мен басқаның көзімен" тренингі өткізілді
03
июнь
2022
"Мен басқаның көзімен" тренингі өткізілді
02.06.2022ж. Жазғы мектептің 7 сынып оқушыларына арнап мектеп психологтары  "Мен басқаның көзімен" тренингін өткізді.   Ортаға балалар кезекпен шығып, қалған қатысушылар ол жайлы қандай пікірде екенін айтты. Тренинг мақсаты: бала басқаның көзімен өзіне баға береді. Жүргізілген жұмыс балаларға өте ұнады. Оқушылардың көңіл-күйлері бірден көтерілді. Қызығушылықпен қатысып, өз ойларын ортаға салды, сырласа білді.
Тренинг өткізілді
03
июнь
2022
Тренинг өткізілді
02.06.2022ж. Жазғы мектептің 8 сынып оқушыларына арнап мектеп психологтары  "Мен және менің сыныбым" тренингін өткізді.  Мақсаты: оқушылардағы сенімділікті арттыру және агрессияны жою. Тренинг "Ерекше сәлемдесу" жаттығуынан басталды.  Әрбір оқушы өз сыныптасына деген ізгі тілектерін білдірді. Бір-бірлерін сезу деңгейін байқау мақсатында "Суретті қайтала" жаттығуы жүргізілді. Тренингке барлық қатысушылар белсене қатысты. Сынып оқушыларының ұйымшылдығы, бір-біріне деген сенімділіктері арта түсті.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее