Республикалық жобалар » Страница 48 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

Кітап оқимыз
12
ноябрь
2021
Кітап оқимыз
        Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары  « Каникулда кітап оқимыз »  республикалық марафонына белсене қатысты. Сайтқа тіркеліп, ұсынылған кітаптарды оқыды. 2-4 сынып оқушыларына ұсынылған Ы.Алтынсариннің өлеңдері мен әңгімелері, Х.К.Андерсен Таңдаулы ертегілерін оқып, оқыған шығармалары бойынша сыныптастарына кері байланыс жіберіп отырды. Әр шығарманың кейіпкерлерін атап, ойға түйгендерін жазба түрінде және видео түрінде жолдап отырды. Белсенділік көрсетіп, жақсы ойларымен үнемі бөлісіп
"Кітап оқуға шақырамыз" атты акция
12
ноябрь
2021
"Кітап оқуға шақырамыз" атты акция
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында оқырмандардың оқыған кітаптары жайлы " Кітап оқуға шақырамыз" атты акция басталды.Мақсаты:оқырмандардың оқуға қызығушылығын арттыру.Осы акцияға қатысқан 2"а" сыныбы оқушысы Демежан Ақгул және 3"г" сынып оқушысы Қабдиев Әмір өз оқыған кітаптарын ұсынды.
Балалар жазушысы М. Әлімбаев
08
ноябрь
2021
Балалар жазушысы М. Әлімбаев
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектеп кітапханасы, каникул күндерінде кітапханаға келген балаларға, балалар жазушысы М.Әлімбаевтың шығармашылығымен таныстырып, әңгімелерін үзіліспен  оқытты.Қорытындысында жазушының "Епті кім?" әңгімесін  оқып, талқылады
"Сиқырлы қаламмен оқу" атты кітап көрмесі ұйымдастырылған
02
ноябрь
2021
"Сиқырлы қаламмен оқу" атты кітап көрмесі ұйымдастырылған
" Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында "Сиқырлы қаламмен оқу" атты кітап көрмесі ұйымдастырылған.Сиқырлы қаламмен оқитын 12 кітаптан тұратын бұл жинақта халқымыздың жыр дастандары, ән- күйлері мен аңыз - әңгімелері, шешендік сөздері мен бата - тілектері еніп отыр. Кітаптар, "сиқырлы қаламмен" оқуға болатындықтан, жинаққа енген күйлер мен жырларды, берілген әндердің музыкасымен тыңдауға құмартқан оқушылардың қызығушылығын тудыруда.
"Аңыз бенен ертегі еліктіре ертеді" атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды
01
ноябрь
2021
"Аңыз бенен ертегі еліктіре ертеді" атты кітапханалық сабақ
"Оқуға құштар мнктеп" жобасы аясында" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында "Аңыз бенен ертегі еліктіре ертеді" атты кітапханалық сабақ ұйымдастырылды.Оқырмандарды ертегідегі кейіпкерлердің рөлінде ойната отырып, тіл байлықтарын дамыту мақсатында 3D кітабын пайдалана отырып ойын түрінде өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары бұл сабақты жақсы көңіл күйде атқарып, нәтижесінде оқырман болып   тіркеліп, үйге оқығанға ертегілер жаздыртып алды.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
28
октябрь
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "3ЖОББМК" кітапханасында 10"Б" сынып оқушыларымен дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың 110 жылдығына байланысты " Өзге емес,өзім айтам өз жайымды" атты поэзиялық сағат өтті.Оқушылар ақынның өмір жолымен танысып,өлеңдерін оқыды.
"Даналық әліппесі" атты кітапханалық сабақ
26
октябрь
2021
"Даналық әліппесі" атты кітапханалық сабақ
" Оқуға құштар мектеп" жобасы" аясында" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" кітапханасында 1" б" сынып оқушыларымен " Даналық әліппесі" атты кітапханалық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты:  Халқымыздың жыр дастандарын, ән - күйлері мен аңыз - әңгімелерін, шешендік сөздері мен бата - тілектерінен тұратын, " сыйқырлы қалам" мен оқылатын шығармалар еніп отыр. Оқушылар " сыйқырлы қаламды" қолданып ертегі оқып, ән, домбырамен орындалған күйлерді тыңдады
Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.
25
октябрь
2021
Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.
Қоршаған ортаның сапасы және ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығы, оның ішінде біз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету және табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу мақсатында 7 "г", 8"в", 10"б" сыныптарында экосағаттар өткізілді. Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.
"Біздің Қасым" атты презентация
12
октябрь
2021
"Біздің Қасым" атты презентация
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ нің кітапханасы дарынды ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай "Біздің Қасым" атты презентацияны оқушыларға ұсынады.
Біздің жас эковолонтерлар
09
октябрь
2021
Біздің жас эковолонтерлар
"Болашақ ұрпақ үшін планетаны сақтау үшін сіз өзіңізден бастауыңыз керек. Егер сіз жаяу жүргенде, жұмысқа немесе дүкенге бара жатқанда қоқысты көрген болсаңыз, оны көтеріп, қоқысқа тастауыңыз керек. Бұл - басқалар үшін жақсы үлгі. Біз осы әрекетіміз арқылы табиғатты сақтауға өз үлесімізді қоса аламыз." дейді 4 "Б" сыныбының жас эковолонтерлары.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее