Республикалық жобалар » Страница 38 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"Балалар кітабының мейрімді әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
04
апрель
2023
"Балалар кітабының мейрімді әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2 сәуір Халықаралық балалар кітабының мерекесіне,"3 ЖОББМ"КММ нің кітапханасы кітап қорындағы әдебиеттерден  "Балалар кітабының мейрімді әлемі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 4 бөлімнен тұратын көрменің тақырыптары: 1.Қазақстан жазушылары балаларға. 2. Әлем балалар әдебиеті. 3. Ең ақылды кітаптар. 4. Сиқырлы ертегілер.
1 сынып оқушыларына "Ертегілер мәңгілік даналықтың негізі" атты кітапханалық сабақ өткізді.
04
апрель
2023
1 сынып оқушыларына "Ертегілер мәңгілік даналықтың негізі" атты
2 сәуір Халықаралық балалар кітабының мерекесіне орай мектеп кітапханашылары Байелова М.С және Кыдырманова К.С  1 сынып оқушыларына "Ертегілер мәңгілік даналықтың негізі" атты кітапханалық сабақ өткізді. Мақсаты: Ертегінің кейіпкерлерін ойнау арқылы есте сақтау қаблеттерін арттыру, оқушыларды әдептілікке, әсемділікке тәрбиелеу арқылы кітапқа қызығушылығын ояту.
Мектеп кітапханасына кітап сыйлаған оқырмандарымызға алғыс айтамыз!
28
февраль
2023
Мектеп кітапханасына кітап сыйлаған оқырмандарымызға алғыс айтамыз!
Мектеп кітапханасына кітап сыйлаған оқырмандарымыз 3"А" сынып оқушылары Есеналин Нариман,Кажыкенова Асель, Сейтқазы Бауыржан,Серік Жәнібек, Қайырбек Айару, Шәріпханов Досханға, 2 "г" сынып оқушысы Тоқан Інкәрға, 1"г" Кайса Ақерке, 2 "в" Маулетбай Ерсайын және 6 "б" сынып оқушысы Асқарұлы Арманға алғыс айту күні оқырмандар атынан мың алғыс айтамыз!❤❤❤ #алғысайтукүні #оқуғақұштармектеп
«Бұл палата адамдар ностальгияны сезіне алмайтын әлемді қолдайды».
10
февраль
2023
«Бұл палата адамдар ностальгияны сезіне алмайтын әлемді қолдайды».
10.02.2023 күні 9 сыныптар арасында дебат ойыны өтті. Ностальгия – бұл өткен бір нәрсеге, бақытты болған кездерге немесе орынға сентименталды сағыныш немесе мұңды естелік. Яғни бұл ойынға алынған тақырып: «Бұл палата адамдар ностальгияны сезіне алмайтын әлемді қолдайды». Оқушылар өткен шақымыздағы естеліктеріміздің бізге  берер кері және оң әсерлерін талдап өтті.
9 сыныптар арасында дебат ойыны өтті.
27
январь
2023
9 сыныптар арасында дебат ойыны өтті.
Ностальгия – бұл өткен бір нәрсеге, бақытты болған кездерге немесе орынға сентименталды сағыныш немесе мұңды естелік. Яғни бұл ойынға алынған тақырып: «Бұл палата адамдар ностальгияны сезіне алмайтын әлемді қолдайды». Оқушылар өткен шақымыздағы естеліктеріміздің бізге  берер кері және оң әсерлерін талдап өтті.
READx конференциясы.
13
декабрь
2022
READx конференциясы.
Кез-келген тұлға өзін дамыту үшін кітапқа жүгінуі қажет екендігін дәлелдеу мақсатында, оқыған кітаптарын насихаттап өзгеге ұсынуға бағытталған READx алаңында 6 "В" сынып оқушылары Қуаныш Н. пен Менкешов М. сынып  ішінде өткен конференцияға қатысып, өздері оқыған кітаптарымен сыныптастарымен бөлісті.
Қалалық пікірсайыс
12
декабрь
2022
Қалалық пікірсайыс
Желтоқсанның он екісі күні өткен М.Әуезовтың 125 жылдығы мен «Оратор» пікірсайыс клубының 19 жылдығына орай мектеп оқушыларының арасында өткен қалалық пікірсайыс турнирінде 10 сынып оқушылары Тулегенова Надира мен Ыбышева Мадина 2 орынды иеленді.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее