Оқуға құштар мектеп » Страница 41 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"кітап оқуға шақырамыз" акция жалғасын табуда.
26
январь
2022
"кітап оқуға шақырамыз" акция жалғасын табуда.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында N3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені КММ-нің кітапханасы ұйымдастырған "кітап оқуға шақырамыз" акция жалғасын табуда. 4 "а" оқушысы Кабидолла Томирис өзі оқыған Алты түлкі ертегісін ұсынса, 4 "в" сынып оқушысы Садық Алинұр Ерлік ертегілері ертегісін оқырмандарға-ұсынып оқуға шақырды  
" Бала құқықтары туралы конвенция"
25
январь
2022
" Бала құқықтары туралы конвенция"
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" КММ нің кітапхана меңгерушісі Байелова М.С ата - аналар мен оқушыларға арналған "Бала құқықтары туралы конвенция" кітабына библиографиялық шолу ұсынды. Конвенция-( лат Цонвентio - келісім) кез келген саладағы адамдардың мінез -құлқының және іс - әрекетінің, оның ішінде, жаhандық мәселелерді шешу барысында келісім бойынша қабылданған ережелер мен қағидалар. " Бала құқықтары туралы конвенция" - Адамзат баласының
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл
13
январь
2022
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына байланысты " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ нің мектеп кітапханасы оқырмандарына ақпараттық бет ұсынады. Д.А.Қонаев - өз халқының жарқын болашағы үшін орасан зор еңбек сіңірген адал азамат. Өз ғұмырының 50 жылға жуық уақытында республмкамыздың басшылық қызметтерінде болып, еліміздің дамуына үлкен үлес қосты.
Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әдебиет көрмесін ұсынады
14
декабрь
2021
Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әдебиет көрмесін ұсынады
"3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" КММ-нің  кітапханасы барлығына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған әдебиет көрмесін ұсынады. Сіздердің назарларыңызға кітапхана қорында бар ақпарат көздері ұсынылған: ел, жер тарихы, танымал адамдар және Қазақстанның әсем табиғат туралы әдебиеттер.
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "
14
декабрь
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ нің кітапханасында 9"б"сынып оқушыларымен "Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы" атты сұрақ - жауап сайысы өтті. Кітапхана меңгерушісі Байелова М.С оқушыларға тәуелсіздік жайлы мағұлмат беріп, кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстырды. Сайыс бойынша Қазақстан туралы тест сұрақтарына бірінші болып жауап беруден 9"б" сыныбының оқушысы Алтай Айдос жеңімпаз аттанды.
"Елім менің аңсаған" атты тәрбие сағаты өтті
13
декабрь
2021
"Елім менің аңсаған" атты тәрбие сағаты өтті
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу  аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ нің кітапханасында 4 сынып оқушыларымен "Елім менің аңсаған" атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін ояту.Елін, жерін сүюге Отанын қастерлеуге шыншылдыққа тәрбиелеу.Тәрбие сағатының соңында оқушылар тәуелсіздік туралы өлеңдерін оқыды.
"Кітап оқуға шақырамыз" акциясы
08
декабрь
2021
"Кітап оқуға шақырамыз" акциясы
"№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ нің кітапханасы ұйымдастырған " Кітап оқуға шақырамыз" акциясы бойынша оқырмандар өздерінің оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісуде. 2"а" сынып оқушысы  Төлеуғали Айзере өзі оқыған Жыл он екі ай журналынан "Қоян" өлеңін жатқа айтса, 3"а" сынып оқушысы Ерсайынова Амина "Жеті қарға" ертегісін оқуға шақырды. 4"а" сынып оқушылары Қамзағалиев Мансұр "Балбұлақ" кітабы мен Болат Ерали "Уәдеге берік жігіт" ертегісін оқып, оқырмандарға осы ертегі
" Кел, балалар оқылық" атты оқу сағаты өтті.
03
декабрь
2021
" Кел, балалар оқылық" атты оқу сағаты өтті.
" №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ нің кітапханасында тұңғыш ағартушы, педагог - жазушы Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына байланысты " Кел, балалар оқылық" атты оқу сағаты өтті. Мақсаты: Жазушы әңгімелеріндегі адам бойындағы адалдықты, еңбекке тәрбиелеуді оқырман бойына сіңіру. 6"а" сынып оқушылары " Әдеп" әңгімесін сахналап оқырманға ұсынды.Кейіпкерлерді орындағандар Әкім - Кикимова Н. Мұжық- Қайырбекова.Ә, Бай - Есетова І, автор - Амангельдиева Н.белсенділік танытты.
"Оқуға құштар мектеп"  жобасы аясында
03
декабрь
2021
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында
"Оқуға құштар мектеп"  жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені" КММ нің кітапханасында "Кітап оқуға шақыру" акциясы ұйымдастырылған. 4"в" сынып оқушысы Бектұрсын Еркежан  өзі оқыған "Таңғажайып глобус" кітабын ұсынса, 4"б " сынып оқушысы Боркова Виктория "Аяз бен қоян" ертегісін ұсынды. Ал 4"а" сынып оқушысы Болат Ерали өзі оқыған "Холли ана" ертегісімен балаларды кітап оқуға  шақырды.
Кітап көрмесі
29
ноябрь
2021
Кітап көрмесі
Мектеп кітапханасында 25-  30 қараша күндер аралығында Тұңғыш Президент күніне орай 'Елін сүйген, елі сүйген Елбасы" кітап көрмесі ұйымдастырылған. Мақсаты: Елбасының өмір жолы мен еңбектерін таныстыру. Кітапханашылар Байелова М.С мен Қыдырманова С.К көрме жанында кітаптарға библиографиялық шолу өткізді.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее