Информация » Страница 85 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

“Ашық есік” күніне байланысты кітапханашы ата-аналарға көоме ұйымдастырды
15
март
2024
“Ашық есік” күніне байланысты кітапханашы ата-аналарға көоме
15.03.24 күні мектепшілік “Ашық есік” күніне байланысты кітапханаға келген ата -аналарға мектеп кітапхана меңгерушісі Байелова М С  Қазақтың халық әртісі , актер, режиссер  Ш. Аймановтың  110 жылдығына байланысты ұйымдастырылған көрмемен таныстырып, ол кісінің еңбек жолымен, түсірген фильмдерінен мағлұмат беріп өтті. Сонымен қатар кітапханаға алынған жаңа көркем әдеби кітаптармен таныстырды.
14.03.24 күні “3 ЖОББМ” КММ нің кітапханашылары  2 “А” және 2 “В” сыныптарға , “Зәм-зәм суы” атты үзіліспен оқу технологиясы бойынша кітапханалық сабақ өткізді.
14
март
2024
14.03.24 күні “3 ЖОББМ” КММ нің кітапханашылары 2 “А” және 2 “В”
14.03.24 күні “3 ЖОББМ” КММ нің кітапханашылары  2 “А” және 2 “В” сыныптарға , “Зәм-зәм суы” атты үзіліспен оқу технологиясы бойынша кітапханалық сабақ өткізді.  Мақсаты: әңгіменің мәнін түсіне білуге, өзіндік талдау жасап ойлай білуге дағдыландыру.  Әңгімені интерактивті тақта арқылы бір мезетте оқыған оқушылар өз қиялдарына ерік беріп , тапқырлық танытып ойларын өте жақсы айта білді. 
“Мағжан сенген жастармыз” үйірмесі
14
март
2024
“Мағжан сенген жастармыз” үйірмесі
“Мағжан сенген жастармыз” үйірмесіндегі жас сарбаз сыныбының оқушысы Сабиканов Темірлан “ Жазды күні қалада” өлеңі Қала, рас, өнер-білім қайнаған жер, Тұтқын ғып надандықты байлаған жер, Егілген ескіде өнер ағашының Жемісі, қызыл гүлі жайнаған жер. Білемін, білсем-дағы көне алмаймын, Қалаға шын көңілім бере алмаймын. Қаншама өзімді өзім зорласам да, Тән рақат, жаным шат боп жүре алмаймын. Себебі, жыбырлаған жанын көрсем, Бір еркін дем алдырмас шаңын көрсем, Әсіресе, өз еркіңмен жүргізбейтін
Аттестаттау жобасы бойынша түсіндірме жұмысы.
13
март
2024
Аттестаттау жобасы бойынша түсіндірме жұмысы.
Аттестаттау жобасы бойынша түсіндірме жұмысы. "№3 ЖОББМ "КММ ұжымымен аттестаттау жобасына байланысты  түсіндіру жұмысы өткізілді, онда мектеп әкімшілігі педагогтарды аттестаттау жобасымен таныстырды. Аттестатталатын педагогтың қадамдық жолын, "Ұстаз" платформасының жұмысын және аттестаттаудан сәтті өту үшін одан әрі іс-қимылдарды талқылады. Ұстаздардың қойған сұрақтарына жауап берді.
«Оқуға құштар мектеп»
13
март
2024
«Оқуға құштар мектеп»
Ағымдағы  жылдың 28 ақпан күні мектебімізде Қазақстан  Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (ҚР ОАМ) әзірлеген «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Республикалық  ғылыми-педагогикалық  кітапханасының «Оқуға құштар мектеп» Республикалық челленджін қашықтықтан  ұйымдастырды. (Видеоконференцсвязь) қосылмасы арқылы сағ 12:00  қосылып Астана қаласынан бастау алып, ары қарай Шымкент қаласы, Абай облысына Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасын ұсынды. Абай облысы  эстафетаны
"Епті болам десең" сайысы өтті.
12
март
2024
"Епті болам десең" сайысы өтті.
О"б"мектепалды даярлық "Епті болам десең" сайысы өтті. Сайыстың мақсаты : балаларды ептілікке, шапшаңдыққа  тәрбиелеу  , саусақ моторикасы,  арқан тарту, асық ату ойындары ойналды, балалар қызығушылықпен қатысты . Килибасова У. К Бексолтанова С. Т
"Бүгінгі аналар" тақырыбына қойылым
11
март
2024
"Бүгінгі аналар" тақырыбына қойылым
"Жас талант" театр үйірмесі бүгінгі аналарға арналған ашық есік күнінде мектебіміздің жас мамандарымен бірлесе отырып "Бүгінгі аналар" тақырыбына қойылым қойды. Қойылым қазіргі қоғамның, еліміздің отбасында кездесетін ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, ащы шындықты ашып берді. Қойылым ана мен бала арасындағы байланысты тереңдете түсті, жүрекке ой салды.
Мектебімізде өтіп жатқан бастауыш сыныптар апталығы аясында жас мамандармен  «Ұстаздардың  кәсіби даму жолдары» атты коучинг өткізілді.
11
март
2024
Мектебімізде өтіп жатқан бастауыш сыныптар апталығы аясында жас
Мектебімізде өтіп жатқан бастауыш сыныптар апталығы аясында жас мамандармен  «Ұстаздардың  кәсіби даму жолдары» атты коучинг өткізілді. Коучинг барысында жас мамандар     «Атомдар мен молекулалар» әдісі  арқылы топқа бөлініп, тақырыпқа сай постер жасап, оны «Сұқ саусақ» әдісі арқылы қорғады. Педагогикалық жағдаяттарды талқылап, шешу арқылы жас мамандар өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсете білді.Өткізген мектеп тренерлері: Серикболова Б.С Казангапова А.К.
О"б" мектепалды даярлық тобында ұлттық  құндылықтарды дәріптеу мақсатында  "Ою өрнек әлемі" атты тәрбие сағаты өткізілді .
11
март
2024
О"б" мектепалды даярлық тобында ұлттық құндылықтарды дәріптеу
О"б" мектепалды даярлық тобында ұлттық  құндылықтарды дәріптеу мақсатында  "Ою өрнек әлемі" атты тәрбие сағаты өткізілді .Балалар қонаққа келген әженің көнеден келе жатқан жүн түту, ұршық иіру, киіз басу , текеметке ою өрнек салу   қол өнерімен танысты. Әже мен балалар арасында байланыс орнап,     ұмытылып қалып бара жатқан ,үрдісті қайта жаңғыртты . Балалар қызығушылық танытып , түйетабан,  қошқармүйіз , итқұйрық оюларын әдемі орындап шықты . Балалардың белсенділік танытып ,жақсы қатысқаны
11.03.күні мектепалды даярлық сыныптарда үзіліс кезіндегі ойын тақырыбы: "Епті болғың келсе... "
11
март
2024
11.03.күні мектепалды даярлық сыныптарда үзіліс кезіндегі ойын
11.03.күні мектепалды даярлық сыныптарда үзіліс кезіндегі ойын тақырыбы: "Епті болғың келсе... "   Ойын кезінде балалар тыныштық сақтай отыра, белсенді түрде негізгі қимылдарды дәлдікте, тепе-теңдікте ұстай біле,жылдам қозғалыста қатыса білді.Қос қолмен белгілі орынға шарикті қасықпен аудару, жіп арқылы қолды үзбей ирек сызықпен жүріп өту, орындықта отыра, аяқпен шарикті келесі шығыршыққа жылжыта білді.Ойынды көңілді, батыл, қызыға ойнап, риза болып тарасты. Жетекшілер:  Мұздыбай Л.Ә.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее