Информация » Страница 196 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"Мәңгілік бала бейне" драмасын көріп қайтқан сыныптардың кері байланыстары
21
октябрь
2021
"Мәңгілік бала бейне" драмасын көріп қайтқан сыныптардың кері
Шын мəнінде, Жүсіпбек Аймауытов  айтқандай «... театр е рмек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны». Оған қоса театр сізге шынайы адамдардың болмысын көрсетеді. Олармен байланысқа түсуді, өз өміріміз жайлы ойлануды талап етеді. Ең маңыздысы театрға барған жан ерекше сезімге бөлене алады, жүрегімен тілдеседі. Қызық комедияға барар болсаңыз күлмей немесе драмаға бара қалсаңыз жыламай ол жерден кете алмаймыз. Себебі ондағы барлық дүние- шынайы.
Қазан айының соңғы күндерінде 4-сыныптар арасында
21
октябрь
2021
Қазан айының соңғы күндерінде 4-сыныптар арасында
 «Алтын ұрпақ» интеллектуалды ойыны өтті. 4 «А» сыныбы «Тапқырлар», 4 «Б» сыныбы «Алғырлар», 4 «В» сыныбы «Ойшылдар» тобы болып, төрт кезең бойынша сайысқа түсті. 1-кезең « Қызық екен». Таблодан «Тұлғаны тани біл», «Сиқырлы сандар», «Ғажайып табиғат», «Сөз сыры» бөлімдерін кезектесе таңдап, сұраққа жуап берді. 2-кезең  «Зерделі». Су мен сүт, су мен топырақ, су мен тұз ресурстарын пайдалана отырып, зерттеу жұмысына бағытталған эксперимент жасау тапсырмасын орындады, пікірлерін дәлелдеді. 3-кезең
«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық  ойыны
21
октябрь
2021
«Алтын ұрпақ» интеллектуалдық ойыны
Мектебімізде осы оқу жылынан аталған ойынды жүйелі жүргізу қолға алынды. Ойын айына 1 рет параллель сыныптар арасында ұйымдастырылады. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысады;топ мүшелерін ай сайын ауыстыру арқылы сынып оқушыларын толық  қамту  көзделеді; әр топтың аты, ұраны, атрибуттары болады.Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топ анықталады. Жыл соңында бірнеше рет жеңімпаз топ шыққан сынып бағалы сыйлықпен марапатталады. Ойынның мақсаты:   оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе
Біз театрдамыз!
20
октябрь
2021
Біз театрдамыз!
Театр-мәдениет ошағы,өнер ордасы.Театрға барған адам рухани ләззәт алып,адам жанын жадыратып,демалу үшін барады.Көріністі театрға барып өз көзіңмен көру дегеніңіз-рухани жаныңызға азық жинау деген сөз. 20 қазан күні 1-4 сынып оқушылары қаламыздағы Абай атындағы драма театрына барып «Қасқыр мен бұзау» ертегісін тамашалап қайтты.
«Дарынды балаға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиаданың нәтижесі
15
октябрь
2021
«Дарынды балаға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық
13 қазан 2021 жылы жас мамандар арасында   республикалық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Семей қаласының 40 орта білім беретін  мектептерінен жас мамандар өз бақытын сынады. №3 ЖОББМК ағылшын пәні мұғалімі бір жыл педагогикалық өтілі болса да жүрексінбей байқауға бірден барамын деп шешті. Жас ұстаз ізденімпаз, жаңашылдыққа ашық мұғалім. Педагогикалық технологияларды меңгеріп, сабақта жүйелі қолданып келеді. Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы қазіргі білім саласындағы өзекті
«Қауіпсіз интернет» атты онкүндігі аясында
14
октябрь
2021
«Қауіпсіз интернет» атты онкүндігі аясында
«№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені» КММ «Қауіпсіз интернет» атты онкүндігі аясында информатика пәні мұғалімдері Бекжанова А.Ж, Молдабекова М.Ж, Балтабекова А.Т. «Интернетке тәуелділік проблемаларын шешу жолдары» атты іс-шара өткізді. Іс-шараға 5-6 сынып оқушылары қатысты. 6 «Г» сыныбы ең үздік видеоролик жасап жүлделі I орынды,  жүлделі II орынды 6 «А» сыныбы, жүлделі  III орынды 6 «Б» сыныбы иеленіп мадақтама және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараға қатысқан басқа сыныптарға
"Біздің Қасым" атты презентация
12
октябрь
2021
"Біздің Қасым" атты презентация
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында " №3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені"КММ нің кітапханасы дарынды ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай "Біздің Қасым" атты презентацияны оқушыларға ұсынады.
Мектебімізде   бастауыш   сыныптар арасында «Ойлан.Ізден.Тап» тақырыбында квест ойыны ұйымдастырылды. Бұл ойынға 3 сыныптардан 4 команда қатысты.
12
октябрь
2021
Мектебімізде бастауыш сыныптар арасында «Ойлан.Ізден.Тап»
        Ойынның негізгі мақсаты: оқушылардың ойлау,үйрену,ақпарат алу, еңбекке қабілетті болу және  өз білімдерін өмірде қолдану дағдыларын шыңдау болды. Қатысушылар өз мүмкіндіктерін ашатын 5 аялдама: «Қазынаны тап», «Шешендік өнер», «Ой сергіту», «Кім тапқыр», «Шеберлік» тапсырмаларын орындай отырып, сайысқа түсті. Әр аялдамада лабиринт, сөзжұмбақ, жұмбақ, құрастыруды шешу арқылы негізгі тапсырмаларға өту мүмкіндігі ұсынылды. Оқушылар математика, қазақ тілі және әдебиеттік оқу, жаратылыстану
Көрме «Мен оқыған кітаптардан…»
08
октябрь
2021
Көрме «Мен оқыған кітаптардан…»
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» бағдарламасы аясында бастауыш сыныптарда «Мен оқыған кітаптардан…» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.  Көрмеге 2-4 сынып оқушылары қатысты. М ұндағы м ақсат – кіші  буын оқушыларын кітап оқуға қызықтыру, оқыған шығармаларын сыныптастарымен бөлісе білуге бейімдеу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. 30- дан астам оқушы өздері оқыған шығармалардан кітапшалар, буклеттер, оқиға желісіне байланысты суреттер салып көрмеге ұсынды. Басым көпшілігі -Абай өлеңдері ,қара
Оқушылардан интернеттің пайдасы мен зияны туралы сауалнама алынды.
08
октябрь
2021
Оқушылардан интернеттің пайдасы мен зияны туралы сауалнама алынды.
  7-10 сынып оқушыларынан интернеттің пайдасы мен зияны атты тақырыпта сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша интернеттің пайдасы мен  зиянына: пайдалы ақпаратты алу, адамдармен байланыс, кітап оқуға мүмкіндік, ал кейбір оқушылар ешқандай зияны жоқ деп көрсеткен. Виртуалды тәуелділіктен қалай арылуға болады деген сұраққа әр адамның өз хоббиі болуы керек, интернетті өшіру, достармен көбірек араласу, білмеймін деген жауаптар берген. оқушылардың жиі пайдаланатын әлеуметтік желілері: ватсап,
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее