Информация » Страница 115 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

"ROBOTIME" интелектуалдық сайысы
23
ноябрь
2023
"ROBOTIME" интелектуалдық сайысы
2023 жылдың 17 қарашасы күні «Әлемнің үш тірегі» атты МИФ бірлестігінің апталығы аясында 6 сыныптар арасында "ROBOTIME" интелектуалдық сайысы өткізілді. Мақсаты: миф апталығында информатика пәндерінен алған білімі мен дағдыларын практикада қолдану. Сайыс барысында қатысушылар бірлесе отырып, тапсырмаларды топ ішінде талдап, шешімдерімен бөлісті.Тапсырмалар функционалдық сауаттылыққа, логикалық тапсырмаларға, алған білімдерін практикада қолдануға негізделген. Ойынға барлық оқушылар белсенді
«Мамандық түрлері» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен жоспарға сәйкес пікірталас өткізілді.
23
ноябрь
2023
«Мамандық түрлері» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен жоспарға сәйкес
«Мамандық түрлері» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен жоспарға сәйкес пікірталас өткізілді. Мақсаты: -оқушыларға алдыңғы уақытта заман талабына сай, дұрыс мамандық таңдау үшін бағыт – бағдар беру; -мамандық таңдаудың жете ұғындыру; -ойлау қабілетін дамыту; -сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; Оқушылар екі топқа бөлініп, фракциялар арасында “сұранысқа ие мамандықтарды таңдау керек пе, әлде заманауи мамандықтарды таңдау дұрыс па?” тақырыбы төңірегінде өздерінің пікірлерін білдірді.
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында Lesson Study технологиясымен 3 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен зерттеу сабағы өтті.
23
ноябрь
2023
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында Lesson Study
«Баршаға әрі жекеге арналған мектеп» жобасы аясында Lesson Study технологиясымен 3 «А» сыныбында жаратылыстану пәнінен зерттеу сабағы өтті. Тақырыбы: «Тыныс алу құпиялары». «Дем ал, дем шығар» әдісімен психологиялық ахуал қалыптастырылды. «Кілтпен есік аш» әдісін қолданып, домтапсырмасы пысықталды. «Артығы тап» әдісі арқылы сабақ тақырыбы ашылды. Online Mektep платформасынан бейнеролик көрсетіліп, қосымша түсінік берілді. Жекелеме жұмыс – «Бос орынды толтыр», жұптық жұмыс – «Сәйкестендір»,
"Болашаққа бастар жол"тақырыбында  10 сынып ұлдарымен тәрбие сағаты.
15
ноябрь
2023
"Болашаққа бастар жол"тақырыбында 10 сынып ұлдарымен тәрбие сағаты.
АӘТД пән мұғалімі Оразбаев С.К. ұйымдастыруымен Ауған қақтығысының ардагері Талғат Асқынұлының қатысуымен  "Болашаққа бастар жол"тақырыбында  10 сынып ұлдарымен тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Школьникам патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу. Сондай - ақ оқушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, қанағаттандырарлықтай жауаптарын алды.
"Қатыгездіксіз және зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" Республикалық акциясы аясында "Түнгі қаладағы балалар" рейді ұйымдастырылды.
14
ноябрь
2023
"Қатыгездіксіз және зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" Республикалық
2023 жылдың 14 -ші қараша күні "Қатыгездіксіз және зорлық - зомбылықсыз балалық шақ" Республикалық акциясы аясында "Түнгі қаладағы балалар" рейді ұйымдастырылды. Оқушылардың назарына 21:00-ден кейін олар ата-аналарының қарауынсыз көшеде болмауы тиіс екендігі туралы ескертіліп, көшеде өз бетінше топталып жүрмеу мақсатында ұйымдастырылған рейдті мектептің тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Д.Т. Нуркасымов, құқықбұзушылықтың алдын - алу менеджері Қ.Е. Кунафин және мектеп психологы А.А.Сапарова
Мектебімізде 4-сыныптар арасында "Ертегілер әлемінде" тақырыбымен квест ойыны өтті.
14
ноябрь
2023
Мектебімізде 4-сыныптар арасында "Ертегілер әлемінде" тақырыбымен
Мектебімізде 4-сыныптар арасында "Ертегілер әлемінде" тақырыбымен квест ойыны өтті. Квест – ағылшын тілінен аударғанда «іздеу» немесе «оқиға» дегенді білдіреді. Кез келген оқиғаны іске асыруда іздену арқылы жүзеге асыратын ойын, тапсырмалар беріледі. Ойынның мақсаты: оқушыларды жылдам шешім қабылдай білуге, тапқырлыққа, ептілікке бейімдеу.  Шарты: барлық тапсырманы орындауда ережені сақтай отырып, әділ ойнау.  Ойын бірнеше аялдамаларға бөлініп, әртүрлі тапсырмалардан құралған.  № 1 аялдама – 
«Асық ату» қазақтың ұлттық ойыны
14
ноябрь
2023
«Асық ату» қазақтың ұлттық ойыны
«Асық ату» қазақтың ұлттық ойыны балаларды шапшаңдыққа, дәлдікке, есепке үйретіп, мергендігін арттырады. Қазақ баласының есепке жүй­рік­тігі, міне, осындай ойындар­ды ой­наудан қалыптасқан. [media=https://youtube.com/shorts/4wuuAXHHZ4Y?feature=share]
«IQ DODA» – білім сынауға негізделген осы заманның зияткерлік ойыны.
14
ноябрь
2023
«IQ DODA» – білім сынауға негізделген осы заманның зияткерлік ойыны.
8-сыныптар арасында өткізілген «IQ DODA» – білім сынауға негізделген осы заманның зияткерлік ойыны. Білімнің үлкен табысқа, биік шыңдарға бастайтын күш екендігін растайтын бұл ойынның мақсаты: логикалық есептер, физикалық құбылыстар мен ақпараттық технологияларға қатысты сұрақтар қойыла отырып оқушылардың білімдерін дамыту. [media=https://youtube.com/shorts/vVJql-fDsH4?feature=share]
«Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты квест ойыны
14
ноябрь
2023
«Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты квест ойыны
2023 жылдың 14 қарашасында «Математика, физика және информатика» пәндік әдістемелік бірлестігі апталығына орай мұғалімдер арасындағы   «Әлемнің ғажайып үш тірегі» атты квест ойыны өткізілді.  Мақсаты: мұғалімдер арасындағы ұйымшылдықтарын нығайту, танымдық іс-әрекеттерін арттыру, тез ойлана білу және дұрыс шешім қабылдауға ықпал ету. Квест ойыны 3 кезеңнен тұрды. 1- бекет. «Білімді информатик»»  2-бекет. «Математикалық  терминдер алаңы» 3-бекет. «Қызықты физика әлемі» Ойын барысында
14.11.2023 “Поэзия әлемі” клубының жұмысы Төлеген Айбергеновтың шығармашылығымен жалғасты.
14
ноябрь
2023
14.11.2023 “Поэзия әлемі” клубының жұмысы Төлеген Айбергеновтың
14.11.2023 “Поэзия әлемі” клубының жұмысы Төлеген Айбергеновтың шығармашылығымен жалғасты. Ақынның шығармашылығынан “Ана” өлеңі оқылды, бүгінгі жұмыс мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманбердина Еркежан Бауыржанқызымен бірлесе отырып жүргізілді. Қазақ әдебиетінің, оның ішінде поэзиясының шырқау биікке көтерілген бір сәті – өткен ғасырдың 60-жылдары екені ұлттық әдебиеттану ғылымы мен әдеби сынымызда даусыз мойындалған шындық. Сол тұста өлең әлемін түрлеген өзгеше тұрпатты
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее