08
декабрь
2025
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл: Ерлікке тағзым – ұрпаққа өнеге.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, желтоқсан айының жоспарына сәйкес, мектебімізде даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының қайсар перзенті Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай 1–11 сынып оқушылары арасында мазмұнды тәрбие сағаттары және 10 минуттық қауіпсіздік сағаттары ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар жас ұрпақты ерлікке, батылдыққа, отансүйгіштікке баулуды мақсат етті.
Тәрбие сағаттары барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмір жолы, Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, әскери тәртіп пен ұлт алдындағы жауапкершілік туралы кеңінен мағлұмат алды. Әр сынып деңгейіне сәйкес дайындалған көрнекіліктер, бейнематериалдар, деректі әңгімелер мен ұстаздардың түсіндірулері оқушылардың қызығушылығын оятып, тарихи тұлғаның қайсар мінезін тереңірек тануға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, іс-шара аясында өткізілген 10 минуттық қауіпсіздік сағаттары оқушыларды тәртіпке, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталды. Батырдың «тәртіп – ел қорғаны» деген ұстанымы негізге алына отырып, оқушыларға мектеп ішіндегі, көшедегі, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.