Материалы за Январь 2024 года » Страница 5 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Коммунальное государственное учреждение
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
отдела образования города Семей
Қабылдау бөлімі:
+7 (7222) 54-12-92
Версия для
слабовидящих

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» Материалы за Январь 2024 года » Страница 5

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

8.01.24ж күні мектеп ұстаздарының көңіл күйін көтеру, сергіту және ұжымдық қарым- қатынасты нығайту
18
январь
2024
8.01.24ж күні мектеп ұстаздарының көңіл күйін көтеру, сергіту және
18.01.24ж күні мектеп ұстаздарының көңіл күйін көтеру, сергіту және ұжымдық қарым- қатынасты нығайту мақсатында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жилкибаева Гаухар Айтбековна үзілісте "Көңілді стакандар","Мұнара","Кім жылдам?"ойындарын ұйымдастырды. Ойын барысында ұстаздардың бірлігі, бірін- бірі түсінуі, жылдамдығы, тапқырлығы, шығармашылық қабілеттері анық көрінді. Мектеп ұстаздары мен тәжірибеден өтуші машықкерлер ойын барысында белсенділік танытты. Келесі апталық челендж математика
Мектеп психологтары-А.А.Сапарова, А.Е.Шарипканова және мектеп дефектологы-А.К.Жармухамбетова ұйымдастырумен “Көңіл-күйімізді көретейік” тақырыбында мектебіміздің ерекше білім беру қажеттілігі бао оқушылармен тренинг өткізді.
17
январь
2024
Мектеп психологтары-А.А.Сапарова, А.Е.Шарипканова және мектеп
Мектеп психологтары-А.А.Сапарова, А.Е.Шарипканова және мектеп дефектологы-А.К.Жармухамбетова ұйымдастырумен “Көңіл-күйімізді көретейік” тақырыбында мектебіміздің ерекше білім беру қажеттілігі бао оқушылармен тренинг өткізді.  Мақсаты: оқушылардың танымдық аймағын яғни, жылдам ойлау, зейін қою, қабылдау, есте сақтау сияқты танымдық қасиеттерді дамыту, оқушылардың оқу мотивациясын арттыру, оқушы бойындағы сенімділік, тез шешім қабылдау сияқты қасиеттерін дамыту. Тренинг барысында оқушылар көңілді
17.01.2024 мектептің жас мамандарының кезекті отырысы "Оқушылардың оқу жетікстіктерінің деңгейіне сәйкес сараланған тапсырмаларды пайдалану тиімділігі"тақырыбында семинар-тренинг түрінде өтті.
17
январь
2024
17.01.2024 мектептің жас мамандарының кезекті отырысы "Оқушылардың
17.01.2024 мектептің жас мамандарының кезекті отырысы "Оқушылардың оқу жетікстіктерінің деңгейіне сәйкес сараланған тапсырмаларды пайдалану тиімділігі"тақырыбында семинар-тренинг түрінде өтті. Аталған шараның басты мақсаты жас мамандарға көмек көрсету. Саралап деңгейлеп оқыту тапсырмаларының тиімділігі, саралау тапсырмаларының оқушылар үшін және мұғалімдер үшін тиімділігі айтылды. Тренинг барысында оқылым тапсырмаларын әзірлеуге байланысты ұтымды жұмыстар жүргізілді, жас мамандар топтарға
Жас сарбаз сыныптарының бір күндік жұмыстарымен таныстырды.
17
январь
2024
Жас сарбаз сыныптарының бір күндік жұмыстарымен таныстырды.
7 "А", 8 "А", 9 "А" жас сарбаз сыныптарының офицер тәрбиешілері мен сарбаздары мектебіміздің бастауыш сынып оқушыларын патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында жас сарбаз сыныптарының бір күндік жұмыстарымен таныстырды. Жұмыс барысында сапқа тұру, АК - 74 автоматты бұзу және  қайта құрау, газ тұмылдырықты қалай дұрыс кию, нысананы көздеп, дәл тигізу  сияқты түрлерімен таныстырды. Оқушылар қызығушылықпен тамашалап, сарбаздарға ризашылықтарын білдірді.  #АПҚО_Абай_облысы_Семей #semey_bilim_bolimi
"ОТАН алдындағы жауапкершілік" тақырыбында Ішкі Істер Департаментінің мекемесінің "БҮРКІТ" арнайы жасағының офицер - методистімен кездесу өтті.
17
январь
2024
"ОТАН алдындағы жауапкершілік" тақырыбында Ішкі Істер Департаментінің
8 а, 9-10 сынып ұлдарына АӘД мұғалімі және жас сарбаз сыныптарының офицер - тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен "ОТАН алдындағы жауапкершілік" тақырыбында Ішкі Істер Департаментінің мекемесінің "БҮРКІТ" арнайы жасағының офицер - методистімен кездесу өтті. Мақсаты: Оқушыларды Отан сүйгіштікке, әскер қатарына қызмет етуге баулу. #АПҚО_Абай_облысы_Семей #semey_bilim_bolimi #құндылық3мектепсемей
“Жемқорлық - індет, онымен күресу міндет” тақырыбында видеоролик көрсетіліп, «Жемқорлық қайдан пайда болады?», «Барлық нәрсені ақ­шаға сатып алуға бола ма?» тақырыбында  дөңгелек үстел
17
январь
2024
“Жемқорлық - індет, онымен күресу міндет” тақырыбында видеоролик
Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын ортаны қалыптастыру. Осы мақсатта “Адал ұрпақ” клубының жұмыс жоспарына сәйкес мектебіміздің 5 сынып оқушыларына арнайы “Жемқорлық - індет, онымен күресу міндет” тақырыбында видеоролик көрсетіліп, «Жемқорлық қайдан пайда болады?», «Барлық нәрсені ақ­шаға сатып алуға бола ма?» деген сұрақтар аясында дөңгелек үстел өткізіліп, оқушылар өз ойларын ашық айтып, талқылады. #АПҚО_Абай_облысы_Семей
15.01.2024 “Мағжан сенген жастармыз” үйірмесі өз жұмысын бастады.
16
январь
2024
15.01.2024 “Мағжан сенген жастармыз” үйірмесі өз жұмысын бастады.
15.01.2024 “Мағжан сенген жастармыз” үйірмесі өз жұмысын бастады. Үйірмеде жас сарбаз сыныптарының оқушылары қамтылды. М.Жұмабаевтың шығармашылығына арналған үйірмеде оқушылар өлеңдерін жаттап, шығармаларын талдайды. Үйірме мақсаты:   Жыр пырағы - Мағжан Жұмабаев туралы деректерді оқу, шығармалары арқылы түсініктерін кеңейту және білімдерін одан әрі қалыптастыру; Зейінін, ойлау жылдамдығын, есте сақтау қабілетін дамыту; Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Бүгін мектебімізде  "IQ ДОДА" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
16
январь
2024
Бүгін мектебімізде "IQ ДОДА" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
Бүгін мектебімізде  "IQ ДОДА" атты интеллектуалды сайыс өткізілді. ▶ Сайыстың мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдау. Ой-өрісін іс-жүзінде жамыту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу. Ойынға 9 сынып оқушылары қатысып, ойын барысында белсенділік көрсетіп, білімдерін ортаға салды. Сайыс 2 кезеңнен тұрды.  Сайыс барысында оқушылар 1 айналым "Сергіту
12.01.2024 жылы "Семей" телеарнасының "Елге сәлем!" Таңғы сазды-ақпараттық бағдарламасына мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Айтмуханова Бұлбұл қатысып, сұхбат берді.
16
январь
2024
12.01.2024 жылы "Семей" телеарнасының "Елге сәлем!" Таңғы
12.01.2024 жылы "Семей" телеарнасының "Елге сәлем!" Таңғы сазды-ақпараттық бағдарламасына мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Айтмуханова Бұлбұл қатысып, сұхбат берді. Бағдарламаның "Елді құрметтеген қайраткер" деп аталатын айдары көп жылдар бойы қазақ елін басқарған саясаткер, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Д.А. Қонаевқа арналды. 12-қаңтар Дінмұхамед Ахметұлының туғанына 112 жыл толды.
10 қаңтар 2024 жылы Семей қаласының  білім бөлімі  жоспарына сәйкес ағылшын және орыс тілдері мұғалімдеріне арналған қалалық "Қашықтан оқытуда тиімді білім беру платформаларын пайдалану арқылы білім сапасын арттыру" тақырыбындағы семинар өтті.
16
январь
2024
10 қаңтар 2024 жылы Семей қаласының білім бөлімі жоспарына сәйкес
[media=https://youtube.com/shorts/Rds4uQ59i98?si=ueJfKgEAcZiM-S7t] 10 қаңтар 2024 жылы Семей қаласының  білім бөлімі  жоспарына сәйкес ағылшын және орыс тілдері мұғалімдеріне арналған қалалық "Қашықтан оқытуда тиімді білім беру платформаларын пайдалану арқылы білім сапасын арттыру" тақырыбындағы семинар өтті.Біздің мектебімізден ағылшын тілі пәні мұғалімдері Амирова Ш.С. Мухаметкалиева А.М. Раева Н.С. өз тәжірибесімен бөлісіп,өз қоржындарына тақырып бойынша біраз әдіс- тәсілдерді сала
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее