Материалы за Март 2021 года » Страница 6 » КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 3»
Абай облысы білім басқармасының
Municipal public institution
«№3 жалпы орта білім беретін мектебі»
Education Department of Semey district
Reception room:
+7 (7222) 54-12-92
Version for
visually impaired

«№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "Средняя общеобразовательная школа№3"

» Материалы за Март 2021 года » Страница 6

Апта цитатасы: Өнер, білім - бәрі де оқуменен табылған. Ыбырай Алтынсарин

«Әкеммен кітап оқу қандай тамаша!»
26
March
2021
«Әкеммен кітап оқу қандай тамаша!»
Қазіргі кезде балалардың кітап оқуы төмендеп барады. Сондықтан мектебімізде ұйымдастырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасы балаларды кітап оқуға баулуға көп көмегін тигізбек. 3 «В» сынып оқушылары да қалыс қалMay,«Әкеммен кітап оқу қандай тамаша!» іс-шарасына үлес қосып, әкелерімен кітап оқуда. Демалыс уақытын пайдаланып, Бектурсын Еркежан, Асқар Еламан,Жеңісова Назерке, Садық Әлинұр, Жұмаш Айару әкелерімен бірге ертегі кітаптарын, «Балдырған» журналындағы әңгімелерін оқуда. Демалысты
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап  мектепке онлайн-өтініш бере алады
26
March
2021
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 2021 жылғы 1 сәуірден бастап
Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап облысымызда жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныбына құжаттарды қабылдау бойынша электрондық жүйе жұмыс істей бастайды. Биылғы жазда әр ата-ана мектепке өтінішті өткен жылғыдай үйден шықпай онлайн режимде бере алады. Аталған қызметті ата-аналар электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) www.egov.kz порталы арқылы  ала алады. Өтініштерді 24/7 режимінде беруге болады, осылайша ата-аналар жұмыстан немесе үйден мектепке онлайн режимде өтініш беру мүмкіндігіне ие
Бейсенбі ертегілері
25
March
2021
Бейсенбі ертегілері
«Отбасылық оқу» сағатына 2 «А» сынып оқушысы Ерсайынова Амина да көптен қалMay белсенділік танытты. Ұлы  Абай атамыз айтқандай «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» дегендей Амина кітап оқуға ерінбейді. Үйіндегі барлық кітаптарды қайталап оқығаннан әсте жалықпайды. Оқыған әңгіме, ертегілерін әңгімелеп көпшілікпен бөлісе өз достарын кітап оқуға шақырады. ​https://youtu.be/yS4YG7x6ew4​​​
"Ұйқы алдында оқимыз!" айдары
25
March
2021
"Ұйқы алдында оқимыз!" айдары
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 8 "В" сынып оқушылары белсенділік таныта білді.  Мақсаты: балалар өздерінің сүйіп оқитын кітаптарын оқып,  үйіндегі кішкентай бауыр-сіңілдеріне мазмұнын айтып, олардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту,  үлгі болу.  Бұл жобаға  8"В" сыныбының барлық оқушылары қатысты. Балалар алған әсерін  ватсап желісі арқылы бір-бірімен бөлісіп, кітаптың мазмұнын талқылады. Алдағы уақытта да осы жоба өз жалғасын табады деген сенімдеміз.
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
25
March
2021
"Мектепке кітап сыйла" акциясы
Халықтың тарихи-мәдени құндылықтарын, соның ішінде жазба жәдігерлерді сақтау, мектеп кітапхана қорын заманауи әдебиеттермен толықтыру мақсатында мектебімізде «Мектеп кітапханасына кітап сыйла!» акциясы ұйымдастырылды. Осы акцияға мектеп түлектері өз үлестерін қосуда. Мектебіміздің 2018 жылғы түлегі Мамиржонулы Ядгарбек кітапханаға 5 кітап сыйға тарту етті. Сынып жетекшісі Абдрахманова Жанат Абдрахмановна. Осындай ұшқан ұя мектебіне құрметпен қарайтын  түлектеріміз көбейе берсін!
Пластик бөтелке жинау акциясы.
20
March
2021
Пластик бөтелке жинау акциясы.
Мектеп оқушылары арасында пластикалық бөтелкелерді жинау акциясы жалғасып жатыр. 1-11 сынып оқушылары пластикалық бөтелкелерді жинауға ат салысып, қазіргі таңда 350 ден астам бөтелке жиналды.  Пластикалық бөтелкелерден не істеу керектігін сізге айтып беретін қызықты идеялар да бар. Іс жүзінде әрбір адам пластмасса контейнерлерді күн ішінде пайдаланады, бірақ бәрі де қоқыстардың қалған бөліктерімен ғана тастала алMayтындығын түсінбейді. Сондықтан адамдар жинақталған қоқысты ұтымды пайдалану үшін
Отбасымен оқу сағаты
20
March
2021
Отбасымен оқу сағаты
Мектебімізде өтіп жатқан. " Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 5 "В" сынып оқушылары "Отбасымен оқу сағаты" атты акциясына қатысып ат салысуда.Апасымен, әпкесімен және сіңілдерімен кітап оқып, оқу дағдыларын шыңдауда.
Школа № 3Общеобразовательная школа в Семее